COVID-19

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының партия мүшелерімен астаналық донорлар қатары толықтырылды.

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалының партия мүшелерімен астаналық донорлар қатары толықтырылды.

Үстіміздегі жылдың 15 маусымында «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалының 150 партия мүшелерінің қатысумен «Қан тамшысы – құтқарылған өмір!» атты донорлық акция өтті.

Ерікті өтеусіз донорлары атақты қоғам қайраткерлері, әртістер және спорт шебері болды. Олардың ішінде: қазақстандық діни қайраткері, дипломат, ғалым-шығыстанушы, профессор Абсаттар  Дербісали, «Astana-Opera» МОБТ балетінің  жетекші жеке орындаушы Таир Гатауов,  спорттың му – ай-тай  т үрінен екі дүркін әлем чемпионы Николай Самусев.

«Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов айтқандай, партия мүшелерінің осындай  қайырымдылық  акцияларға қатысуы дәстүрге айналған. Соңғы төрт жыл ішінде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде 1000 аса партия мүшелері өтеусіз донор болды.  Донорлар санының үнемі өсуі біздің астанамыздың азаматтарының бауырмалдылығы, адамгершілігі және бей-жайлық еместігі туралы куәландырады. Қуаныштысы, сол донорлардың көпшілігі жастар, донорлық деген – бұл қайырымдылық актісі.

Акцияның ортақ мақсаты ерікті өтеусіз донорлықты дамыту мәселесіне көпшіліктің назарын аудару болып табылады.