Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Бүгін Нұрлы Жол вокзал кешенінің кәсіподақ комитетінің және Трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығының ұйымдастыруымен “Қан тапсырып – өмір сыйла” атты қайырымдылық акциясы өтті

Акция өткізудегі негізгі міндет-адамдардың өміріне араша болу үшін қоғамды ақысыз түрде қан доноры болуға шақыру. Әрбір азаматтың өз еркімен қан тапсыруының жүйелілігін қалыптастыру. Осы мақсатта #omirsyılaktzh челленджін бастап, еліміздің басқа вокзалдарына жолдаймыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне жүгінсек, елімізде жыл сайын 200 мыңнан артық адам қан тапсырады және олардың шамамен 18 мыңы қанды 3 реттен артық тапсырған. Нұр-Сұлтан қаласының өзінде жыл сайын шамамен 40 донациялау жүзеге асырылады. Сонымен бірге, елімізде жылына 360 мыңнан артық доза қан құйылады екен. Осындай ауқымды жұмыстардың тиісті дәрежеде орындалуына Нұрлы Жол вокзал кешеніде өз үлесін қосуда.