COVID-19

Бүгін, осы жылы екінші рет астаналық полицейлер қан тапсырды

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қан құю жылжымалы мамандандырылған станциясы Астана қаласының Ішкі істер департаментінде болды. Онда 50 аса полицейлер қанға мұқтаж жандар үшін кезекті ретте қан тапсырды. Осындай қайырымдылық акциясында Департамент және оның құрылымдық бөлімшелері, соның ішінде жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің ұжымы осымен екінші рет қан доноры болып отыр. Олардың араларында донор ретінді бұрындары тіркелгендер де бар, және алғашқылар да бар. Орталыққа жақын маңдағы қызметте жүрген қызметкерлер Трансфузиология орталығының өзінде қан тапсырды.

– Жыл сайын, жылына екі рет біз қан тапсырамыз, және бүгінгі біздің келуіміз Алматы қаласындағы террорлық әрекеттер оқиғасына сәйкес келді. Қажет болған жағдайда, біз өзіміздің әріптестерімізге көмекке келуге дайынбыз және қанша қажет болса, сонша қан тапсырамыз, – деді ЖПҚ жол-патрульдік полиция полкінің аға сержанты Ғалымжан Ибрагимов өз сөзінде.

– Осындай қайырымдылық акциясына қатыса келе, біз, полицейлер бірінші кезекте өзінің азаматтық борышын орындау кезінде, өзінің қызметтік міндетін орындауда жарақат алған біздің әріптестерімізге қамқорлық жасаймыз. Біз сонымен бірге біздің осы акцияға қатысуымыз бір ғана өмір құтқарып қалмайтынына сенімдіміз. Біз қызметтік жолда өмірі қиылған әріптестеріміздің туыс-туғандарына көңіл айтамыз – деді полиция қызметкерлері.