Прием доноров: ежедневно с 8:30 - 17:00

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАН ҚЫЗМЕТІНЕ – 80 ЖЫЛ!

Өткізу күні: 2014 жылғы 10-11 қыркүйек
Өткізу уақыты: 10.00
Өткізу орны: Алматы қаласы, Асқаров көшесі, 42, «Алматы» санаторийі, мәжіліс-залы.
Ұйымдастырушылар: «Республикалық қан орталығы» РМКК, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай қоғамы

2014 жылғы күзде Қазақстан Рсепубликасының қан қызметіне 80 жыл толуда. Осығна орай 2014 жылғы 10-11 қыркүйек аралығында Алматыда «Қазақстан Республикасы қан қызметінің өзекті мәселелері және даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференция барысында республикканың қан қызметінің жағдайы, оның проблемалары, жетістіктері мен даму перспективлары туралы ақпарат ұсынылды, өндірістік және клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері талқыланды.
Қан қызметі сапалы және қауіпсіз терапияны қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың маңызды салаларының бірі ретінде көптеген жылдар бойы ел басшылығының ерекше бақылауында. Соңғы жылдары осы саланы жаңарту және оны ең жетік халықаралық практикаға сәйкестендіру бойынша елеулі жұмыс атқарылды. Өзгерістер ұйымдастырушылық құрылымға, технологиялық үдеріске, кадрлық саясатқа, қызметті ақпараттық қамтамасыз етуге қатысты болды. Қан қызметінің нормативтік құқықтық базасы жаңартылды және барлық денсаулық сақтау субъектілері орындауға міндетті өндірістік қызметтің бірыңғай стандарттары бекітілді.
Мерейтой конференциясы осы мәселелердің барлығына арналды, оған ТМД, алыс шетел елдері қан қызметінің, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ұйымдар, денсаулық сақтаудың іргелес салаларының мамандары қатысты. Өндірістік және клиникалық трансфузиология, ерікті өтеусіз донорлықты дамыту мәселелері бойынша сәтті тәжірибемен Ұлыбритания, Түркия, Нидерланд, Ресейден келген әріптестер бөлісті.