Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі полиция полкінің полицейлері, бас қалада түрлі себептермен ауруханаға түсіп жатқан тұрғындардың қан тапшылығы мәселесінен өмір мен өлімді ұштастырып отырғанын ескеріп мұндай жағдайларға бей-жай қарамай қолдарынан келгенінше көмектесуді көздеп қан тапсырды

Бұл шараға тәртіп сақшылары бұйрықпен емес, өз қалаулары бойынша ниет білдірді. Бабамыз Әбу-Насыр Әл-Фараби халық қоғамның игілігі үшін қызмет ету керек деген қанатты сөзін іс жүзінде көрсетуге мүмкідік берген Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығына @astanadonor өз алғысымызды білдіреміз.@qriim_mvdrk