Прием доноров: ежедневно с 8:30 - 17:00

«Донор болып, өмір сыйла!»

Алдағы Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған іс-шараның шеңберінде өткізілген донор күніндегі осындай ұран осы күндері бүкіл республика бойынша өріс алды. ДДҰ әйгіленген 2017 жылдың ұраны «Сіз немен көмектесе аласыз? Қан тапсыр. Оны қазір тапсыр. Оны жиі тапсыр!».
«Bureau Veritas» компаниясының офисі орналасқан ғимаратта күннің бірінші жартысында Орталықтың көшпелі тобы, донорларға сауалнама толтыруға көмектесетін, жарнамалық өнімдер, донорлар қозғалысы туралы бүктемелер, донорлар үшін жаднамалар ұсынатын Қызыл Жарты Ай еріктілері жұмыс істеді.
– Осы акцияны біздің компания алдағы Дүниежүзілік қан доноры күніне арнады. Донор болғысы келіп ниет білдірген көптеген қызметкерлердің мақсаты, осы мүмкіндікті, яғни дәл ертең 27 мамырда басталатын мұсылмандардың қасиетті айы Ораза басталғанға дейін қайырымдылық акциясын өткізуді шештік, – деп түсіндірді персоналдарды басқару жөніндегі бөлімнің маманы Диана Амантаева.
Біздің сайттың редакциясының сұрақтарына ол Алматы қаласында орналасқан компанияның бас офисінде донорлық акцияның көпшілік қызметкерлердің қатысуымен қазірдің өзінде екі рет өткендігі туралы әңгімелеп берді. Қайырымдылық дәстүрді астаналық офистің де қолдауға ниеті бар. Бүгін өздерінің қанымен компанияның 29 қызметкері бөлісті.

Анықтама: «Bureau Veritas» компания туралы. 1828 жылы құрылған «Bureau Veritas» компаниясы сапаға, қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғау және әлеуеттік жауапкершілікке өсіп келе жатқан талаптарды қанағаттандыруға клиентке көмектесуге жоғары сапалы қызметті қамтамасыз ете отырып, тестілеудің, бақылаудың және сертификаттаудың (TIC) әлемдік көшбасшысы болып табылады.

  • Веритас бюросы ережелер мен стандарттарды қарапайым сақтау, тәуекелдерді төмендету, өнімділікті арттыру және тұрақты дамуға әрекет ету шеңберінен шығатын инновациялық шешімдерді ұсынады.
  • Веритас бюро компаниясы ірі ұлттық және халықаралық ұйымдармен танылған және аккредиттелген.
  • Компанияның түйінді көрсеткіштері: 66,500 қызметкер; 1,400 офис және әлемнің 140 елінде зертханалар, 400,000 клиентері бар.