Режим работы: ежедневно с 8:30 - 17:00

«СТУДЕНТТЕР ДОНОРЛЫҚТЫ ҚОЛДАУДА»

2019 жылғы 14 ақпанда Назарбаев университетінде басталған екі күндік «Студенттер донорлықты қолдауда!» атты акция, бүгін, яғни 15 ақпанда сәтті аяқталды.

Ерікті донорлық акцияға қатысуға 130-дан астам адам ниет білдірді, оның ішінде алдын ала зертханалық зерттеулер мен дәрігерлік тексерудің қорытындысы бойынша донациялауға 100-ден астам студент өтті. Өз қанының бір бөлігін бөлісуді шешкендердің арасында тәжірибелі донорлар да, алғаш рет донор болғандар да болды.

Үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға Университет жанындағы «Қызыл Жарты ай» клубының мүшелері болып табылатын студенттер қатарынан еріктілер де өз үлестерін қосты. Қан тапсырған студенттер Орталық атынан донорлық білезіктеді алды.

Анықтама үшін: Назарбаев Университеті Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2010 жылы құрылған, ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 500 талантты және дарынды студент үшін өз есігін ашты. Бүгінде оның қабырғасында әлемдік серіктес ЖОО-мен бірлесіп әзірленген 50 академиялық бағдарлама бойынша 5000-ға жуық студент білім алуда. ЖОО түлектері біздің экономикамыздың әр түрлі салаларын дамытуға өз үлестерін қосуда, өз компанияларын құрды немесе әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырады. Елуден астам елдің оқытушы-зерттеушілерінен тұратын университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы ерекше құрметті қажет етеді.

Университет дамуының 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиясы жоғары оқу орнының алдына үлкен міндеттер қояды, оларға қол жеткізу арқылы әлемнің жетекші зерттеу университеттерінің жаһандық қауымдастығына ықпалдасуға мүмкіндік береді. 2025 жылға қарай студенттер санын 8 мың адамға дейін арттыру жоспарлануда, оның 10 пайызын шетелдік студенттер құрайды.