Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Астана-көгалдандыру құрылысы» ЖШС @zelenstroi.kz донорлық акция өтті.

«Астана-көгалдандыру құрылысы» ЖШС @zelenstroi.kz донорлық акция өтті.

 

Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын «Астана-көгалдандыру құрылысы» ЖШС-да «Донор бол. Адам өмірін сақтап қал!» атты донорлық акция өтті. Ұйымда мұндай акция алғаш рет ұйымдастырылды. Алайда қызметкерлердің елеулі бөлігі елордалық Қан орталығына бірнеше рет келген.

«Мен қан донорымын. Қанды жылына 2 рет тапсырамын және де баршаңызды қан тапсыруға шақырамын, өйткені бұл ігі іс», – дейді «Астана-көгалдандыру құрылысы» ЖШС қызметкері Мадина Әлімғожина.

«Мен денсаулығы жақсы адамдар қан тапсырып, өзгелерге көмектесу керек деген ойлйамын. Мен өзім қанды бірнеше жылдан бері тапсырып келемін және өзімді жақсы сезінемін. Бүгін керемет акция өтті және де мұндай акцияның жиі болып отырғаны жөн», – дейді «Астана-көгалдандыру құрылысы» ЖШС бас маманы Рүстем Нұргелбек.

«Кәсіпорын қызметкерлері мұндай акция өткізгенін ұнатады, әр қызметкер қан донорлығына қатысу үшін салауатты өмір салтын ұстануға тырысады», – дейді С.Б. Шаймов, ӘШБ бастығы.

Мұндай акциялар арқылы қан банкі үнемі толтырылып және адам өмірін сақтайды. #мендонормын #астанадонор