Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ТҒӨО «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК бірге донорлық акцияны өткізді.

Өзіңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы жылының шеңберінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің бастамасы бойынша АҚДМ ұйымдастырған «Қайырымды істер марафоны» деген жалпыұлттық жоба бастау алды.
Донорлық – «Қайырымды істер марафоны» жобасы аспектілерінің бірі болып табылады. Донор болу – мейірімділікті таныту дегенді білдіреді, өйткені қан тапсыра отырырып, Сіз адам өмірі мен денсаулығын сақтай аласыз.
Донорлық қан ауыр жарақат пен операциялар, көлемді қан кету мен қан ауруларында, қатерлі ісік, балалар және инфекциялық аурулар, септикалық жағдайлар, күйіктер, уланулар және т.б. кезде адам өмірін сақтай алады.
Осылайша, ТҒӨО «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК бірге донорлық акцияны өткізді.
Қан алу шарасы дирекция ғимаратында ұйымдастырылды. Шамамен 50-60 адам қан тапсыруға ниет білдірді. Ұйым директоры Н.Р.Қаржауов өзгелерге үлгі көрсетіп, алғашқылардың бірі болып донор деген құрметті атағына ие болды.
Акция барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып өтті, өйткені қан қажеттілігіне қарамастан, эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелері өзгеріссіз қалады.
#менқандонормын #астанадонор#қанорталығы#мендонормын