Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қазақстан Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары дәстүр бойынша қан доноры атанды

Қазақстан Ұлттық ұланының 6636 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздары дәстүр бойынша қан доноры атанды. Ағымдағы жыл қатарынан бесінші акция болды.
Акцияға 70-тен астам офицерлер мен сарбаздар қатысты. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда акцияға барлығы қатыса алады. Қан тапсырар алдында еріктілер қажетті алдын ала медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтары мен әл-ауқаты туралы сауалнама толтырды.