Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Бүгін еліміздің маңызды оқиғаларының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Трансфузиология ғылыми – өндірістік орталығында салтанатты жиын өтті.

Басқарма төрағасы Әбдрахманова Сәния Әлишевна еңбек ұжымы алдында сөз сөйлеп, мемлекеттік және ведомстволық наградаларды, сондай-ақ Тәуелсіздік күні қарсаңында құрмет грамоталарын табыс етті.
Осылайша, жоғары кәсібилігі, көпжылдық адал еңбегі және қан қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медаліне Басқарма төрағасының орынбасары Мұсабекова Шайжамал Жақсылыққызы ие болды.
Марапаттау белгілерімен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» Қан қызметі республикалық референс-зертханасының жетекшісі – Савчук Татьяна Николаевна; ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және АЖБ бөлімінің жетекшісі – Васильев Геннадий Геннадьевич марапатталды.
Сондай-ақ, қан компоненттерін уақытша сақтау және іріктеу бөлімшесі – Татьяна Павловна Казакевич және қан қызметіне республикалық референс-зертханасының қанды иммуногематологиялық және клинико-биохимиялық зерттеу бөлімшесінің зертханашысы Даметкен Жукеновна Мухаметжановаға «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» наградаларымен марапатталды.
Денсаулық сақтау министрлігінің құрмет грамоталарымен және ТҒӨО алғыс хаттарымен-Бимагамбетова Толкын Сатаевна, Жанзақ Айжан Жумагазиевна, Кошкарова Бекзат Муратовна, Бекмагамбетова Кенжебике Сериковна, Шопшин Жақсылық Бөкенбайұлы марапатталды.
Тәуелсіздік күні-еліміздің еркіндігі мен ұлылығының символы және әр Қазақстандық үшін үлкен маңызы зор күн.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басшылығы мен ұжымы барлық серіктестерді мерекемен құттықтайды және денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен амандық тілейді!