Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Бүгін Трансфузиология орталығының базасында «Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-әрекет» тақырыбындағы кезекті дәріс өтті.

Дәріс барысында тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлықты профилактикалау, сыбайлас жемқорлық проблемасының өзектілігі бойынша түсіндірме берілді. Сонымен қатар, Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққақ қарсы күрестің жемістері және бірнеше елдегі сыбайлас жемқорлықққа қарсы күрес моделінің үлгілері презентация ретінде көрсетілді.

Жалпы айтқанда, мұндай іс-шаралардың мақсаты  – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты болдырмау және қызметтер алуда қолайлы жағдайды қалыптастыру болып табылады.