Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні

2016 жылы Дүниежүзілік донорлар күнін «Қан тапсырып-өміріңмен бөліс!» деген ұранмен атап өтеді.

Баршаға мәлім, қан донорлығының ерікті, өтеусіз, үнемі тұрақты негізінде ғана қанның барлық қауіпсіз қорын қамтамасыз етуге болады.

Жыл сайын қан және қанның өнімдерін құюдың арқасында қауіп-қатер төнген адамдардың өмірін ұзартып, миллиондаған жанның өмірін сақтап қалуда. Алайда, ДДҰ деректері бойынша, көптеген елдердің қан қызметінде сапалы қауіпсіз қажетті қан қорымен қамтамасыз ету мәселесі туындап, сұраныс артуда. Осыған орай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылға қарай барлық елдерде ерікті, өтеусіз донорлар арқылы қанның барлық қорымен қамтамасыз ету үшін шара қолдуда.
Астана қаласында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы (ТҒӨО) өтеусіз донорлар күніне орай бірқатар мейірімділік және қайырымдылық іс-шараларын жыл сайын белсенді түрде атап өтеді.

Дүниежүзілік қан доноры күніне ұйымдастырылған акцияның салтанатты бөлімін Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жандос Бүркітбаев шақырылған донорлар мен құрметті қонақтарды құттықтауымен ашты. Сондай-ақ, ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты «Болашак» Ассоциациясының мүшесі Бахтияр Макен, «Болашак» Ассоциация Кеңесінің мүшесі «ТДҰА» АҚ басқармасының төрағасының орынбасары Жұматай Салимов астаналық донорларды құттықтады. Ерікті өтеусіз донорлардың атынан құттықтау сөз сөйлеген Күлшай Жуанышева барлық қатысушыларды донор болуға, қан тапсырмаған азаматтарды қанымен бөлісуге, әсіресе жастарды, денсаулыққа бірегей үлес қосып, басқаның өмірін ұзартуға шақырды.

Орталықта тіркелген құрметті донорларға Республикалық трансфузиология орталығының директоры Жандос Бүркітбаев салтанатты түрде алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды. Ол отандастырымыздың өмірін сақтап, ұзақ жылдар бойы үнемі қанымен бөлісіп келе жатқан өтеусіз донорларға алғысын білдірді. Сонымен бірге ерікті өтеусіз донорлықтың дамуына үлкен үлес қосып жүрген Астана қаласының мемлекеттік ұйымдары мен ұлттық компаниялары және кәсіпорындардың қызметкерлері жыл сайын Орталықтың өткізген Донорлық акциясына белсене қатысады. Олардың ішінде: «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы, 0112 ӘБ «Айбын» Президент полкі, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Объектілерді қорғау әскери бөлімі, Қазақстан Мұсылмандарының діни басқармасы, «Болашақ» Ассоциациясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, Г.Жұбанов атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті бар және олар биылғы шарада өздерінің үздік өнерлерін акция қатысушыларына ұсынды.
Іс-шара барысында 152 адам өтеусіз ерікті донор атанып, донорлардың қатарын толықтырды. Оның ішінде: «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқармасының төрағасының орынбасары, «Болашак» Ассоциациясының мүшесі Жұматай Салимов, «ENERC» ЖШС Талдау және қаржылық жоспарлау департаменті директорының орынбасары – Аспан Дастан, Қазақстанның сервистік компаниялар одағының бас директоры, «Акыл-кенес Консалтинг» ЖШС директоры – Ауғамбай Дауржан, «Болашак» Ассоциациясының мүшесі, «Startup «Bolashak» байқауының жеңімпазы – Әділет Елеусов болды.

Акция мазмұнды және қызықты концерттік бағдарламасымен жалғасып, Қазақ ұлттық өнер университетінің студент талантты жастары өз өнерлерін көрсетіп қолдау білдірді..

Анықтама: Қазақстанда қан, қан плазмасы немесе жасушаларын алу үшін жыл сайын 220 мың адам донор болып, шамамен 285 мың қан тапсыру әрекеті жасалады және 193 мың литр қан сақтауға жарамды түріне келтіріледі.
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметінше, медициналық ұйымдарда қанның құрамдас бөліктерімен толық қамтамасыз ету үшін 1000 тұрғынға 20-25 қан тапсыруды қажет етеді. Қазақстанда донорлық белсенділігінің қазіргі таңғы көрсеткіші 17:1000. Жоғары деңгейде мамандандырылған медициналық көмек көрсете алатын ауруханалардың дені Астанада шоғырланған және олардың донорлық белсенділік көрсеткіші 54:1000 немесе жылына 40-45 мың қан тапсыру әрекеті жасалады. Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының қан әзірлеу көрсеткіші ТМД бойынша қан орталықтарының алдыңғы бестігіне кіреді.