Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қазақстанда 4 бірегей гендер анықталды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы директорының бірінші орынбасары-директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Сания Алишевна Абдрахманованың сұхбаты.

 

 

– Өткен трансфузиологтар Конгресі туралы айтып беріңіз. Отандық Қан қызметіне қандай практикалық пайда әкелді немесе болашақта әкеледі ме?  

2018 жылғы 4-6 сәуірде Астана қаласында III Еуразиялық трансфузиологтар конгресі өтті. Ол 2 жылда 1 рет өткізіледі. Алдынғылары Минскеде (2014 ж.) және Санкт-Петербургте (2016 ж.) өтті. Астана қаласында өткен Конгресте АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Германия, Жапонияның жетекші шетелдік сарапшылары, сондай-ақ   Халықаралық қан құю қоғамының президенті Рави Редди де қатысты.

Конгресс әлемнің әртүрлі елдерінен келген трансфузиологияның халықаралық жетекші мамандары үшін тәжірибе алмасу ретінде, трансфузиялық медицинаның өзекті мәселелері талқылау, қан қызметінің қызметінде инновациялық бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту алаңы болып табылды.

Конгрестің ауқымды ғылыми бағдарламасы (60 баяндамадан астам) қазақстандық мамандар үшін трансфузиондық медицина саласындағы көптеген қызық хабарламаларды естуге және әртүрлі жағдайларды талқылауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар,Конгресс жұмысының барысында Халықаралық қан құю қоғамының басшыларымен қан қызметінің мәселелері бойынша халықаралық зерттеулерге Қазақстанды енгізу туралы келісімдерге қол жеткізді. Бұл болашақта Қазақстан үшін қызықты заманауи ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік береді, қан құю саласында елімізге жаңа білімді тартуға ықпал етеді.

 

– Шетелдік трансфузиологтар Қазақстандық Қан қызметі туралы қандай пікірде қалды? (үзінді келтіріңіз)

Халықаралық сарапшылар қазақстандық қан қызметінің  соңғы жылдардағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Халықаралық қан құю қоғамы Президентінің сөздерінен – Қазақстан патоген-редукцияланған тромбоциттер беруді ендірген, бұл әсіресе әлсіреген иммунитеті бар пациенттерде қолданатын, әлем бойынша үшінші мемлекет – оған дейн ол Швейцария мен Бельгияда ғана болған. Биыл Қазақстаннан кейін мұндай шешімді Франция қабылдады.

Сонымен қатар, Қазақстан трансфузиялық  инфекцияларға донорлық қанның зертханалық диагностикасы саласындағы халықаралық стандартты енгізді. Бұл донорлық қанның инфекциялық қауіпсіздігінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Жетекші сарапшылар қазақстандық мамандарының біліктілігіне, олардың өз мамандықтарына адалдығы үшін алған әсерлерімен бөлісті.

Конгрестің әртүрлі бағыты бойынша өткізілген бес параллельді секциялық отырыстарын қамтыған ғылыми бағдарламасы жоғары бағаланды.

 

-Қызметті жақсарту бойынша қосымша ұсынымдар берілді ме?

Шетелдік сарапшылар конгресс мәтінінің резолюциясына  еуразиялық экономикалық қауымдастықтың мемлекеттеріне және басқа көршілес мемлекеттерге Қазақстанның тәжірибесін үйренуге ұсыныс білдірді. Бұдан басқа, донорлық қан компоненттерін пайдаланушылардың бірыңғай жүйесіне қан қызметіндегі процестерді ақпараттандыру бөлігінде, трансфузиялық терапия және иммуногенетика саласындағы ғылыми зерттеулер бөлігінде ЕЭО мемлекеттердің ынтымақтастығын дамыту жұмыстарын жүргізу жөнінде айтылды.

 

-Көп жылдар бойы ерікті өтеусіз донорлық өте баяу дамыды, әсіресе өңірлерде. Осы жағдай түзелді ме?

Соңғы бес жылда өтеусіз қан донациясының өсу жағына тұрақты тренд қалыптасқаны байқалады. Мысалы, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2012 жылғы 83%-дан 2017 жылғы 95%-ға дейін жетті. Кейбір аймақтарда (мысалы, БҚО) өтеусіз донорлық 100% құрайды.

Қан донорлығын дамыту жұмысында жастарды тарту, оқушылармен ақпарат жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік желілерді және басқа заманауи технологияларды пайдаланудың маңызы зор. Жаңа коммуникациялық технологиялар: фейсбук, инстаграмм, «в контакте» – түрлі әлеуметтік желілерді пайдалану кең таралған. Қан донорлығы қызықты болу үшін  барлық жастағы адамдар үшін, барлық әлеуметтік топтар үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.

Қан қызметінің донорлығын дамытуға,  жаңа донорларды тартып танымал адамдардың арасынан өз еркіндерімен  Серик Сапиев, Илья Ильин сияқты азаматтар да үлес қосып жатады. Көптеген оқу орындары мен ұйымдар Донор күнін өткізу үшін қан орталықтарынан көшпелі бригаданың келуін сұрайды.

Донорлық мәселесіне көпшіліктің назарын үнемі аудару үшін радио, теледидарда бағдарламалар, сондай-ақ интернет-басылымдарда мақалалар шығып жатады.

 

-Дамыған мемлекеттерде ерікті өтеусіз донорлық ерекше мәдениет болып табылады, көптеген азаматтар, соның ішінде Израиль мемлекетінде қанды тұрақты тапсыру борыш болып есептейді. Біз осындай көрсеткішке жақындаймыз ба?  

Жоғарыда айтылғандай, біздің көптеген замандастарымыз тұрақты түрде қан тапсырып тұрады, жыл сайын 40 артық рет қан тапсырған немесе 70 рет плазма тапсырған 50-60 жүйелі донор қан қызметі атынан «Денсаулық сақтау ісіне  қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен  марапаттайды.

Республиканың қан орталықтарына күн сайын 1000-нан астам адам келеді. Олардың көбі қан тапсыру үшін қайта келіп жатады.

 

-Біздің азаматтарымыз өтеусіз қан тапсыру үшін қандай шақыруды қабылдайды?

 

Көбінесе адамдар әлеуметтік желі арқылы,  нақты бір жағдайларда көмек сұраған кезде көмектесуге дайын тұрады. Осыған байланысты мәселеге бей-жай қарамайтын, донор болғысы келетін көп адам қан орталығына жүгінеді.

Бірақ, өкінішке орай қан компоненттерінің сақтау мерзімі шектеулі. Осылайша тромбоциттер 5-7 күн, эритроциттер 42 күн ғана жарамды. Лазманы ғана 2 жыл бойы сақтауға болады. Сондықтан донорлардың қан орталығына қандай да бір себептермен емес, тұрақты келгені өте маңызды және олардың саны қжеттіліктен кем немесе одан артық болмағаны орынды. Донор боламын деуші адамдардың жағдайды ақпараттық ұшықтыруға байланысты бір мезгілде жаппай келгені де орынсыз жағдай.

Мысалы, Астанада Трансфузиология орталығына күн сайын 120 адамның келгені жеткілікті. Олар тапсырған қан барлық пациенттердің 1 күндік қажеттілігін өтейді. Мұндай жайыт күн сайын орын алғаны жөн. Сонымен қоса, әрбір қан орталығында қан компоненттерінің төмендемейтін қоры болатыны заңды құбылыс.

 

-Ақылы донорларға қатысты жағдайды түсіндіріп берсеңіз?

Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стратегиясына сәйкес толықтай өтеусіз донорлыққа қолжеткізуге бағдар алды. Алайда, қазіргі таңда қан тобы сирек кездесетін донорлар арнайы өтінім бойынша шақырған кезде қан тапсырғаны үшін ақы алады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде қан тобы сирек кездесетін донорлар қанды жиі тегін тапсырады.

Ақылы донорлықтың көрсеткәіші 2012 жылғы 17%-дан 2017 жылғы 5%-ға дейін қысқарды. Аталмыш тенденция сақталуда.

 

-ТҒӨО қашан да отандық қан қызметінің түрлі ғылыми әзірлемелер жүргізілген флагманы болды. HLA-зертханасы немесе бағаналы жасушаларды дамыту бөлімшесінің жұмысы туралы айтып беруді өтінеміз.

2011 жылдан бастап ТҒӨО базасында гемопоэздік дің жасушаларын қосқанда, ағзалар мен мүшелерді транспланттауды зертханалық сүйемелдеу үшін тіндерді иммунологиялық типтеу бөлімшесі (HLA-зертханасы) ашылды. HLA-зертханасының мамандары бүгінгі күні әлемдік қолданыстағы барлық әдістемелерді меңгерді.

2011 жылдан бастап зертхана донорлар мен реципиенттер үйлесімділігінің 40 мыңнан астам  зерттеуі жүргізілді, олардың негізінде 1300 ағза және гемопоэздік дің жасушаларының 370-тен астам трансплантациясы жүргізілді.

Бұдан басқа, қолданбалы және фундаменталды ғылыми зерттеулер жүргізілуде, атап айтқанда антигендер мен созылмалы бүйрек жетіспеушілігі, онкогематологиялық аурулар, жүрек патологиясы сынды аурулардың арасындағы байланысты орнату.

Зертхана пациенттер мен донорлардың геномын зерттеу барысында бұрын-сонды бір де бір мемлекетте анықталған, бірегей ДНК құрылымы бар 4 жаңа генді анықтады. Екі ген HLA-DQB1*03:82 және HLA- A*32:95 деген атауымен Лейкоциттік антигендердің номенклатуралық комитетінде (WHO Nomenclature Committee for Factors of the HLA System) тіркелді. Қалған екеуі жақын арада тіркеледі.

Осы зертхана мен криобиология бөлімшесінің жұмыс нәтижесінде Қазақстанда лейкоз бен қанның өзге де қатерлі аурулары кезінде гемопоэздік дің жасушаларын (ГДЖ) ранспланттау мүмкін болды. ГДЖ Қазақстандағы алғш трансплантациясы 2011 жылы, ал 2017 жылы 137 жүргізілді.

 

-ТҒӨО одан арғы жоспарлары?

Өзіңіз білетіндей, Конгресс Халықаралық қан құю қоғамының (ISBT) қолдауымен өтті, ол қан құю саласындағы әлемдік кәсіпқойларды байланыстыратын, білім алмасуға септіігн тигізетін, сондай-ақ қан құю саласындағы стандарттарды әзірлейтін ұйым болып табылады.

ISBT әрбір 2 жыл сайын Халықаралық конгресті ұйымдастырады, оның өтетін орны конкурс негізінде анықталады. Келесі ISBT конгресі 2018 жылы Торонтода (Канада), келесі конгресс Барселонада (Испания) өтеді. Әр конгреске әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам маман қатысады.

Қазақстандық қан қызметі ISBT конгресін Астанада өткізу үшін өтінім беруді жоспарлап отыр. Мұндай атақты форумды өткізу қазақстандық транспфузиологтар үшін халық пен медициналық қауымдастықтың назарын назарын трансфузиялық медицинаның проблемаларына аударуға мүмкіндік береді және донорлық қан құюды қауіпсіз және тиімді етеді.

Сондай-ақ, ТҒӨО қаннан алынатын жаңа өнім ұсынуды жоспарлап отыр – тромбоциттермен байытылған плазма, оны қан диабеті, аяқтағы тамырлар атеросклерозына шалдыққан науқастардағы ұзақ уақыт бітпейтін трофикалық жараны емдеуде қолдануға болады. Аталған әзірлемелер соңғы 3-4 жылы белсенді жүргізілуде және оны жуық арада меңгеруді алғашқы міндеттердің бірі деп санаймыз.