COVID-19

Мейірімді істер марафоны: ҚР ҚҚ Бас әскери басқармасының қызметкерлері донорлық акцияға қатысты.

Жазғы донорлық акция медициналық ұйымдарды қан компоненттерімен толыққанды қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік донор күніне орай ұйымдастырылды. Қан хирургиялық операцияларды жасау және күйікке шалдыққан науқастарға көмек көрсеткен кезінде өте қажет, ол онкологиялық науқастардың өмірін сақтау, сондай-ақ басқа да ауруларды емдеу үшін керек. Донорлық қан банкін демалыс және жыл мезгілдеріне қарамастан тұрақты түрде толықтыру — адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.

Донорлық акцияларға қатысу басқарма қызметкерлері үшін дәстүрге айналған. Жазғы акцияға 30-дан астам адам қатысты. Бірнеше адам қанды алғаш рет тапсырды, ал кейбіреулері тұрақты донор болып табылады.

Қан орталығының мамандандырылған автобусында қан мен оның компоненттерін қауіпсіз тапсыру үшін барлық жағдай жасалған.