Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Конституция күніне арналған ролик

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Конституциясы қабылданды. Елдің басты құжатында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетілген, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. Конституцияны әзірлеу және қабылдау Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу жолындағы шешуші сәттердің бірі болды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Біздің Негізгі Заңымызда табысты даму үшін де, Ұлттың өзді-өзінен жаңаруы үшін де барлық құқықтық құралдар бар. Біз алдымызға жаһандық мақсат – ғасырдың ортасына қарай, 2050 жылға дейінгі кезеңге әзірленген стратегиялық бағдарлама негізінде Қазақстанды әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің біріне айналдыру мақсатын қойдық», – деген болатын.

Қазақстан Конституциясының қабылданғанына 26 жыл толуына орай Елбасы кітапханасы Н.Ә. Назарбаевтың Жеке архивіндегі құжаттар мен материалдар негізінде еліміздің басты заңын дайындау тарихынан сыр шертетін бейнеролик дайындады.