Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы


2022 жылғы 28-29 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция болды.
Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтті.
Конференцияға Республиканың өндірістік және клиникалық трансфузиологиясы саласындағы мамандар, сондай-ақ Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы және Тәжікстан Республикасының трансфузиялық медицина саласындағы сарапшылар қатысты. Жалпы алғанда 400-ге жуық адам қатысты.
Конференция жұмысының аясында донорлық қанның трансфузиялық инфекцияларға скринингі және трансфузия қауіпсіздігінің басқа да мәселелері, жарақаттар мен жаппай қан кетулер кезінде қанды пайдалану, көпбейінді стационарда трансфузиялық терапияны ұйымдастыру тәжірибесі, онкология мен гематологиядағы трансфузиялық терапияның ерекшеліктері, қан қызметінің жұмысы, көпбейінді стационарларда трансфузиялық көмек көрсетудің мәселелері, серологиялық стационарға арналған технологиялар және т.б. мәселелер талқыланды, қан қызметіндегі гемотрансмиссиялық инфекциялар скринингі әлемдік және өзіндік тәжірибе негізінде жүргізіледі.
Халықаралық конференция қан қызметі жұмысының инновациялық бағытында тәжірибе алмасудағы жаңа іскерлік мүмкіндіктерді дамыту мен перспективаларды талдау, қолданбалы зерттеулер мен трансфузиялық терапия саласындағы үздік тәжірибені енгізудің орны болды.
Іс-шара барысында төрт бағыт бойынша секциялар жұмысы көзделген: қан қызметінің ұйымдастырушылық мәселелері, донорлық және қан және оның компоненттерін өндіру, қан қызметіндегі клиникалық трансфузиология және зертханалық диагностика.
Халықаралық конференцияның бағдарламасы 30-дан астам баяндамадан тұрды, оның тезистері ғылыми жұмыстар конференциясының жинағында жарияланатын болады.