Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

14 маусым – Дүниежүзілік қан донорлар күні

Жыл сайын 14  маусымда әлемнің барлық елдері Дүниежүзілік қан донорлар күнін атап өтеді. 2017 жылы науқанның ортақ тақырыбы және ұраны: «Сіз немен көмектесе аласыз? «Қан тапсырыңыз. Оны қазір тапсырыңыз. Оны жиі тапсырыңыз».

Донорлық қан – бұл жоспарлы емдеу кезінде және жедел жәрдем көрсету кезіндегі құнды ресурс. Соның арқасында емделушілердің өмір үшін қауіпті патологиямен өмірін ұзартуы және неғұрлым жоғары өмір сапасының болуы мүмкін. Донор қаны ауыр медициналық және хирургиялық ресімдер кезінде қажет болуы мүмкін. Қан құю ең әр түрлі төтенше жағдайлар жағдайында  жаралыларды емдеу кезінде өмірлік маңызды мәні бар. Соңғы он жыл ішінде апат 1 миллионнан астам адам өмірін қиды. Жылда барша әлемде 250 миллионнан астам адамды әкетеді.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында бүгінгі өткізілген салтанатты жиынның басты мақсаты қоғамның назарын қауіпсіз қанға, және қан өнімдеріне адамгершілік қажеттіліктері туралы мәселелеріне тартумен, адамдардың өмірін құтқаруға көмектесуге қан тапсырғандары үшін қан донорларға құрмет көрсетумен аяқталды.

Мерекелік іс-шараға Қазақстанда ДДСҰ Елдік кеңсесінің басшының м.а. Татьяна  Колпакова қатысып құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Түлеғалиева, донорлық – өзіңнің қаныңды таныс емес адамға, ол оған мұқтаж, және оның өмірін құтқаруға сыйлайтын ерекше мүмкіндік. Және сіз алатын жеке сыйақы, істеген қайырымдылық ісі үшін ол жеке қанағаттандыру, өзін өзі құрметтеу және мақтаныш, – деп атап айтты.

Қан донорлар күнін кең ауқымда біздің республикамыздың барлық өңірлерінде атап өтті. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен «Денсаулық  сақтау ісіне қосқан  үлесі үшін» төс белгісіне  39 өтеусіз отандық донорлар ие болды. Жоғары үкіметтік наградаларды  елорадмыздың  өтеусіз донорлары: Қайрат Смаиловқа және Қуат Дүйсембаевқа Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директорының бірінші орынбасары Сәния Абдрахманова табыс етті. Тағы сегіз донор Орталықтың директоры Ж. Бүркітбаевтың құрметті мадақтау қағазымен марапатталды.

Орталықтың өзінің ұжымында өз уақытында 200 литрден аса қан тапсырған құрметті донор Валентина Митягина еңбек етеді. Мереке күні оның  ақ халатының жағасын   бұрынғы Кеңес уақытында ие болған «Құрметті донор» деген  қос  медалі  жарқыраты тұр.

Анықтама: Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы республиканың қан қызметін ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу үшін 2011 жылы ақпан айында ҚР Үкіметінің шешімімен құрылды. Қазіргі кезде Орталық астананың 22 медициналық ұйымын қан және оның компоненттерімен қамтиды, бұл 2016 жылы жалпы алғанда 64 941 доза қан компоненттері берілді. Орталықтың донорларының жалпы саны 23 410. Күнделікті қан донорлары бойынша көрсеткіш: 80-90 адам, айына: 1800-1900 адам, және жылдық: 2300-2400 адам шамасында. Қазіргі уақытта Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 22 медициналық ұйымын, соның ішінде жетекші ғылыми орталықтар мен астананың институттарын қан және оның компоненттерімен қамтамасыз етеді.

Аталмыш күн батырлары-донорларға, донорлықты дамыту және насихаттау қан қызметінде тұтас алғанда Халықаралық қан донорлар күні қарсаңында  арнайы жариялаған шығармашылық конкурстың  жеңімпаздары –  журналистер өз жұмыстарын арнады. Жүлдегерлер қатарына сөз және қалам  шеберлері «Қазақстан кәсіподығы» газетінің журналисі  Ұлжан Шораева,  Дулат Абибулаев («Қазақстан» ТРК), Гүлмира Жензақова ( «Мир» телеарнасы), Қымбат Елтайқызы (Baq.kz),  Индира Қауметова және Рахила Тлеуова (Bnews.kz) ілікті.

Донорларға өздерінің шығармашылық жұмыстарын «Есіл» астаналық көркемөнер мектебінің тәрбиеленушілері арнады. Донорлар мерекесі Қазақ ұлттық өнер университетінің музыкалық колледж студенттерінің, Оқушылар сарайының «Гәкку» балалар би тобының қатысумен концерттік бағдарламамен және  шәй үстінде әңгімелесумен аяқталды.