Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

2014 жылғы 27 мамырда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында «Клиникалық трансфузиологияның теориялық және тәжірибелік аспектілері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық семинар өтті

Отандық қан қызметін дамыту және халықаралық стандарттардың қызметін тәжірибеге ендіру жағдайы, өркендеген елдердің тәжірибесінің үлгісінде қан компоненттерінің патогендік қауіпсіздігі, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қазіргі технологияларын ендіру, қан компоненттерін пайдаланудың негіздері, гематологиядағы трансфузиялық қолдаудың айрықша өзектілік мәселе бар.
Семинардың мақсаты – донор қаны мен оның компонентетрін қолданудың тиімділігін арттыру, трансфузиядағы қанның қисынсыздығының санын азайту және трансфузияны қауіпсіздікпен қамтамасыз етуде қазіргі технологияларды ендіруге жіберілгенді талқылау мен шараларды өңдеу.
Қаралатын мәселелер:
• Қан қорын басқару сұрақтары бойынша қызіргі замнғы әдістер мен шешімдер
• Қан компоненттерінің патогендік қауіпсіздігінің қазіргі заманғы аспектілері
• Қан компоненттерін пайдалануды негіздеудегі проблемалар
• Трансфузиологиядағы иммунологиялық проблемалар
Семинарға АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Ресейдің қан қызметінің басшылары мен өкілдері, сонымен бірге донор қанының компоненттерін дайындау мен клиникада қолдануды жүзеге асыратын қазақстандық дәрігер-трансфузиологтар қатысты.
Семинарға баяндамасымен шықты: Е.Б. Жибурт, Н.И.Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургия орталығы, (Мәскеу, Ресей), Америкалық қызыл крестінің медициналық директоры, Солтүстік Америка бойынша Халықаралық трансфузиологтар қауымдастығының аймақтық бөлімінің директорлар кеңесінің мүшесі, Джордж-Таун университетінің профессоры Ричард Бенджамен, (Вашингтон, АҚШ) және т.б.
Семинар материалдарына қолжеткізу үшін сілтемесі бойынша өту керек.