Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ҚР қан қызметінің 2018 жылғы көрсеткіштері.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 1000 адамға шаққанда донорлық белсенділігінң көрсеткіші орташа есеппен 12 адамды құрады, яғни медициналық ұйымдардың, оның ішінде: кардиохирургия орталықтары, онкогематологиялық бөлімшелері, босандыру және балалар мекемелері, көпбейнді клиникалар және т.б. қажеттілігі толық көлемде өтелді.

Осылайша, 2018 жылы донорлық қан компоненттерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының 489 ұйымы трансфузиялық көмек көрсетті. Дайындалған қан компоненттер жоспарлы және шұғыл тәртіпте қалалық, облыстық, республикалық және ведомстволық ұйымдарға беріледі.

Елімізде жыл сайын 330 мыңнан астам құю жүргізілетін 80 мыңнан артық пациент донорлық қанға мұқтаж. Барлығы 158 мыңнан астам адам қан, плазма немесе қан жасушаларының донорлары болды. Олар 212 мыңнан астам донацияны жүзеге асырды. Осылайша, барлығы 157 мың литр донорлық қаннан компоненттер дайындалды және қайта өңделді.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін клиникалардың елеулі бөлігі шоғырланған Астана қаласындағы Транфузиология ғылыми-өндірістік орталығындағы донор белсенділігінің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 32 донацияны құрады. Донациялардың жалпы саны 34 503 құрады. Оның ішінде өтеусіз донациялар үлесі – 91% немесе 31 345 донация.

Қызықты ақпарат!!!

  • Қанды ұзақ мерзім тапсыратын адамдар суық тию және тұмаумен сирек ауырады, сондай-ақ онкология, жүрек-тамыр арулары да оларда аз кездеседі.
  • Асыл қайраткерлердің организмінде иммунитет үнемі жаттығып, қан өндірім жасушалары белсендік танытады.
  • Донорлық адамның психикалық денсаулығына оң әсер етеді.
  • Донорлық кенеттен қан кетудің профилактикасы бола алады.
  • Әдетте донор қан тапсыруда және одан кейін жағымды эмоцияларды бастан кешіреді.

Бұл қан тапсыру пайдасының шағын ғана тізімі!

Жаңалықтар