Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Экстракорпоралды гемотүзету

Экстракорпоралды гемотүзету — медицинадағы заманауи және озық бағыттарының бірі, түрлі күрделілік деңгейдегі аурулар терапияның қосымша тиімді құралы ретінде қолданылады.

– экстракорпоралды гемотүзету көптеген ауруларды емдеудің маңызды буыны.

– Оны пайдалануға болатын аурулар қатары өте кең, бұл жүрек-тамыр аурулары, тері аурулары, атопиялық дерматит, псориаз, аллергиялық аурулар, асқазан-ішек аурулары және де тағы басқалар.

– экстракорпоралды гемотүзету технологиялары патологиялық процестің көптеген буынына тиімді әсер етеді.

– Емдік бағдарламалар ғылыми негізделген алгоритмдер негізінде қалыптасады, олар бар клиникалық-зертханалық деректерді пайдалана отырып, нақты пациентте патологиялық процесті түзетудің ең тиімді әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.

– Гемотүзету технологиясының бағыты емдеудің басқа әдістерін қолдану кезінде орындау қиынға соғатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: көп деңгейлі иммунотүзету және реотүзету, дәрілік препараттардың бағытталған тасымалы, жинақталу аурулары кезінде патологиялық субстраттарды агрессивті жою және т. б.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында гемотүзетудің үш әдісі қолданылады – бұл емдік плазмаферез, гемоэксфузия және емдік фотоферез.

ЕМДІК ПЛАЗМАФЕРЕЗ
ЕМДІК ГЕМОЭКСФУЗИЯ
ЭКСТРАКОРПОРАЛДЫ ФОТОФЕРЕЗ

Жаднама:

  • Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен емдеуші дәрігердің жолдамасы болу керек.

Қызмет бағасын мына телефондар бойынша білуге болады: 8 (7172) 570428, 570420, 57-04-34.

Жаңалықтар