Кору қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы

Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

6 қыркүйекте Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды трансплантациялау және жасушалық терапияларға арналған халықаралық конференция өтті.

Ұлттық ғылыми-трансфузиология орталығынан Оспанова Мадина Ералыевна, жасушалық технологиялар бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-трансфузиолог баяндама жасады.

📌 Баяндамасының тақырыбы: «Мезенхималық бағаналы жасушалар: ҰҒТО-дағы тәжірибелік өсіру нәтижелері».

Конференция шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуға, заманауи тәсілдер мен жасушалық технологиялардың даму болашағын талқылауға маңызды алаң болды.

✨ Осындай іс-шараларға қатысу біздің мамандарға халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстандағы медицина практикасына жасушалық терапияның озық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар