Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Орталық) жанындағы кеңесші-кеңестік орган – Ғылыми кеңес (бұдан әрі – Кеңес) болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеттері:
1) орталықтың ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық және білім беру қызметінің мәселелерін үйлестіру мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
2) орталықтың ғылыми және білім беру қызметінің стратегиялық және ағымдағы жоспарларын іске асыру;
3) орталықтың инновациялық қызметін дамыту мәселелерін қарастыру;
4) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін танымал ету және таратуға қатысу, оларды коммерцияландыруға ықпал ету, Орталықтың әзірлемелерінің (ҒТЖ, енгізулер, өнертабыстар және т.б.) бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
5) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету.
Өз міндеттерін орындау үшін Кеңес:
1) орталықтың ғылыми, медициналық, білім беру, халықаралық және қоғамдық қызметін қоса алғанда, оның дамуының негізгі перспективалық бағыттарын айқындайды;
2) ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік және ақпараттық-талдамалық қызмет мәселелерін шешеді;
3) орталықтың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметінің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
4) ғылым саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық дамудың бағдарламаларына ұсыныстар мен ғылыми тұжырымдамаларды қарайды;
5) ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын бекіту және іске асыру, олардың нәтижелерін тәжірибеге енгізу, ғылыми кадрларды даярлау, ғылыми еңбектерді жариялау бойынша ұсыныстар әзірлейді;
6) ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады және Орталықтың ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің нәтижелері бойынша есептерді бекітуге ұсынымдар дайындайды;
7) құрылымдық бөлімшелердің, олардың басшылары мен жекелеген ғылыми қызметкерлердің ғылыми және өндірістік қызмет жоспарлары мен есептерін тыңдайды;
8) орталықтың ғылыми қызметін басқаруды жетілдіру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаражатты тиімді пайдалану мәселелерін талқылайды және ұсынымдар береді;
9) басқа ғылыми ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық мәселелерін қарайды;
10) орталықтың ғылыми қызметін дамыту шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастық мәселелерін, шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің барысын, шетелдік ғылыми іссапарлар бойынша есептерді талқылайды;
11) ғылыми кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелерін қарайды;
12) ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік марапаттарға және сыйлықтарға ұсыну, ғылымды дамытуға үлес қосқан ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне ғылыми және құрметті атақтар беру, сондай-ақ Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамына кандидаттарды ұсыну;
13) жекелеген авторлар мен ұжымдардың ғылыми еңбектерін жариялауды ұсынады;
14) патенттік, ақпараттық және баспагерлік қызметті жақсарту шараларын қарайды;
15) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді, оқу үдерісін ұйымдастыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;
16) біліктілікті арттыру курстарында сабақ беретін Орталық қызметкерлерінің оқу жүктемесінің көлемін оқу жылының басында айқындайды;
17) білім беру қызметін ұйымдастырудың негізгі мәселелерін реттейді, оның ішінде білім алушыларды қабылдау ережелерін, оқу режимін, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау нысандары мен мерзімділігін, білім алушыларды ауыстыру, оқудан шығару және қалпына келтіру тәртібі мен негіздерін, Орталық пен білім алушы арасындағы қатынастардың туындауы, тоқтатылуы және тоқталу тәртібін айқындайды.