Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқыту:
- Медициналық ұйымның кадр қызметіне қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, маманды оқуға қабылдау үшін npct@mail.ru электрондық мекенжайға тақырып пен оқу мерзімдерін көрсете отырып, өтінім жіберу қажет (күнтізбелік-тақырыптық жоспарды қараңыз. Қызмет көрсетуге шарт жасасқаннан кейін төменде көрсетілген тізбе бойынша тыңдаушының сканерленген құжаттарын оқуға қабылдау үшін жіберіңіз.
- Циклге қабылданған тыңдаушыға оның электрондық мекенжайына қашықтықтан оқыту жүйесінен (бұдан әрі — ҚОЖ) логин мен пароль жіберіледі. Логин мен парольді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
ҚОЖ-де курстың барлық материалы бар, онда тыңдаушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, оқу мерзімінің соңына дейін бағдарлама материалдарын өз бетінше оқи алады.
Барлық тапсырмалар, тест сұрақтары оқу кезеңінде тапсырылуы керек.
Егер тыңдаушы оқу бағдарламасын орындамаса, тестілеуден өтпесе және тапсырмаларды орындамаса, онда ол циклдан шығарылады.
Бағдарлама бойынша сұрақтар, қашықтықтан оқыту жүйесінде жұмыс істеу проблемалары туындаған жағдайда, сіз бөлімге электрондық пошта арқылы және білім беру бағдарламалары бөлімінің қызметкерлеріне немесе оқытушыға телефон арқылы хабарласа аласыз (контактілер ҚОЖ – да көрсетілген).
Тыңдаушыны қабылдау үшін құжаттар тізімі:
- Өтініш (төменде жүктеп алыңыз);
- Тыңдаушының жеке картасын толтырыңыз (төменде жүктеп алыңыз);
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Медициналық оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі;
- Интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі (дәрігерлерге);
- Мамандығы/мамандануы бойынша сертификаттың көшірмесі;