Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорны. Бұл Қазақстан Республикасының қан қызметіндегі жетекші ұйым.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының миссиясы мен көрінісі:
Миссия
ҚР халқына көрсетілетін қан қызметінің сапасын жақсарту үшін қан донорлығын, медициналық технологияларды, кәсіби әлеуетті, қолданбалы зерттеулерді және трансфузиялық медицина саласындағы мамандарды даярлау жүйесін дамыту
Пайымы
Республикада өндірістік және клиникалық практиканы жетілдіру жолымен трансфузиялық медицинаны үнемі жақсарту
Міндеттер:
Қан қызметі – халыққа күттірмейтін және жоғары мамандандырылған қызмет көрсетуде трансфузиялық медицинаның қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың маңызды салаларының бірі.
Қан қызметін дамыту қанның 100% ерікті, өтеусіз донорлдығына негізделеді.
Республикадағы қан қызметінің құрылымы мынадай ұйымдардан тұрады:
Барлық қан орталықтарында донорлық қан және оның компоненттерін дайындаудың тиімді аппараттық әдістері пайдаланылады – донорлық плазмаферез, донорлық цитаферез (қан жасушаларын дайындау – эритроциттер, тромбоциттер, гранулоциттер, перифериялық дін жасушалары).
Қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында донорлық қанды зертханалық зерттеуде стандартты жабдықта, қан қызметі үшін валидацияланған екі кезеңдік скрининг (ИФТ+ПТР) пайдаланылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда донорлар саны 1000 адамға шаққанда 15 донацияны құрайды.