Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
АҚПАРАТ
Денсаулық сақтау министрлігінің
«Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК
қосымша білім беру бойынша медицина қызметкерлері үшін
Оқыту келесі мамандықтар мен мамандану бойынша жүргізіледі:
ТРАНСФУЗИОЛОГИЯ;
КЛИНИКАЛЫҚ-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА;
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА;
МЕЙІРГЕРЛІК ІС
!!! Сертификаттау курсын немесе біліктілікті арттыру туралы куәлік elicence.kz https://www.elicense.kz/?lang=ru портал арқылы беріледі
СЕРТИФИКАТТАУ КУРСЫ және БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ қосымша білім берудің негізгі нысандары болып табылады.
СЕРТИФИКАТТАУ КУРСЫ – негізгі білім беру шеңберінде тар мамандану бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;
– Трансфузиология бойынша сертификаттау курсында оқу ұзақтығы 15 кредит (450 сағат).
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
– Біліктілікті арттыру циклдарында оқу ұзақтығы: 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат)дейін.
Біліктілікті арттыру аяқталғаннан кейін:
белгіленген нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
Сертификаттау курстарынан өту кезінде:
Тыңдаушылардың қорытынды бақылауын Кодекстің 223 бабының 6 тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен сертификаттау курстарының бағдарламалары бойынша бағалау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүргізеді.
Оқыту және қорытынды бақылау нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген үлгідегі құжаттар беріледі.
Мамандарды оқытуға арналған қосымша ақпарат:
Оқуға жіберу үшін тыңдаушыға жолдама ресімделеді (сұрау бойынша)
Байланыс телефоны: +7 (7172)57-04-33 (ішкі 177)
E—mail: transfuziologiya.npct@mail.ru