Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Референс зертханасы

Қан қызметінің Республикалық референс-зертханасы (ҚҚРРЗ) құрамына 2 бөлім кіреді:

1) трансфузиялық инфекцияларды зертханалық зерттеу бөлімшесі (ТИЗЗБ);

2) қанды иммунобиологиялық және клиникалық-биологиялық зерттеу бөлімшесі (ҚИГКБЗБ).

Зертхана Roche (Швейцария), ABBOTT (АҚШ), Johnson&Johnson (АҚШ), BIO-RAD (АҚШ), Biosystems (Испания) өндірісінің заманауи автоматты анализаторларымен жабдықталған.

Зертхана қызметкерлері алыс және таяу шетелде (АҚШ, Польша, Израиль, Ресей) тұрақты түрде біліктілігін арттырады.

Зертхана қызметкерлерінің иммуногематологиялық зерттеулер жүргізуде үлкен тәжірибесі бар. Қан тобына зертханалық зерттеулер қан орталығы ашылған сәттен бастап жүргізіледі (1966 жылдан бастап). Трансфузиялық (қан арқылы берілетін) инфекциялардың диагностикасы ИФТ әдісімен зертханада 1988 жылдан бастап жүргізіледі. Осы инфекциялардың ПТР-диагностикасы 2010 жылдан бастап жүргізіледі.

Зертхана ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапасы мен біліктілігіне қойылатын талаптар».

Зертханалық зерттеулердің сапасын бақылау мақсатында зертхана Riqas (Ирландия), EQAS BIO-RAD (АҚШ) сапаны сырттай бағалау бағдарламаларына, сапаны сырттай бағалауға арналған итальяндық бағдарлама (итальяндық ұлттық қан орталығы (CNS) және иммунобиологиялық қоспаларды зерттеу және бағалау жөніндегі ұлттық орталығы (CRIVIB) қатысады.

Донорлар қанының мұрағаттық үлгілері Еуропаның беделді зертханаларында трансфузиялық инфекциялар диагностикасының сапасына тексеріледі:

Лондон қаласының ұлттық трансфузиологиялық референс – зертханасы (Ұлыбритания);

Цюрих қаласының Қан орталығы  (Швейцария);

Германияның федералдық денсаулық сақтау министрлігінің Пауль Эрлиха неміс институты, Ланген қаласы;

Франкфурт на Майне қаласындағы (Германия) неміс Қызыл Крест қоғамының Трансфузиялық медицина және иммуногематология институты.

Мыналар зертхана міндеттері болып табылады:

1) донорлық қанды адамның иммунтапшылығы вирусының бұдан әрі – АИТВ), В гепатитінің вирусы (бұдан әрі – ВГВ), С гепатитінің вирусы (бұдан әрі – СГВ), мерездің бар-жоғын иммунохемилюминесценттік (ИХЛТ) талдау және полимеразды-тізбекті реакция (ПТР) зерттеу;

2) иммуногематологиялық зерттеулер:

донорлардың қан тобын эритроциттік антигендердің (АВ0, Резус, Келл) негізгі жүйелері бойынша анықтау;

антиэритроциттік антиденелерді анықтау;

3) қан донорларын клиникалық-биохимиялық зерттеу;

4) даулы және диагностикалық күрделі жағдайларда сараптамалық зертханалық зерттеулерді жүргізу;

5) қан орталықтарының зертханаларына, трансфузиология кабинеттеріне ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;

6) ҚР қан орталықтары зертханаларының жұмысының сапасына бақылау жүргізу және ұйымдастыру бағдарламаларына қатысу.

Сапа кепілдігі
Пациентті зертханалық зерттеулер үшін қан алуға дайындау тәртібі

Ақылы негізде ұсынылатын қызметтер түрі:

Трансфузиялық инфекцияларға зерттеу (ИХЛТ, ПТР)

В вирустық гепатиті
С вирустық гепатиті
АИТВ-инфекциясы
Мерез

Иммуногематологиялық зерттеулер (қан тобын анықтау)

Жалпыклиникалық зерттеулер

Жалпы қан талдауы
Жалпы несеп талдауы (несептің клиникалық талдауы)
Сухарев әдісімен қан ұю уақытын анықтау

Жаңалықтар