Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
С. Ә. Әбдірахманова
«Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК басқарма төрағасы
Құрметті блог оқырмандары!
Бүгінгі қан қызметі – негізгі қызмет түрі донорлық қан және оның компоненттерін дайындау, қайта өңдеу, оны сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатын еліміздегі барлық медициналық мекемелерді біріктіретін құрылым.
Қан қызметінің тиімді жұмысын жалпы қоғамды, оның азаматтық азаматтық институттары, жеке тұлға бастамалары мен бизнестің қатысуынсыз елестету мүмкін емес.
Қан қызметінің миссиясы – адам өмірін құтқару. Стратегиялық мақсатымыз – елордадағы емдік мекемелердің донорлық қан және оның компоненттеріне деген толық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде және нормативтік талаптарға сәйкес келетін қан компоненттері мен препараттарын дайындау арқылы халық денсаулығын нығайтуға қатысу. Қызметтің басқа да маңызды бағыттарының ішінде – қан қызметіне арналған озық тәсілдер мен әдістерді әзірлеу, практикалық денсаулық сақтауға қан компоненттерін өндіру мен қабылдаудың заманауи технологияларын енгізу.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы 2011 жылғы ақпанда құрылды, ол трансфузиологтардың өзіндік ғылыми мектебін құруға, әлемдік трансфузиологтар қоғамдастығына енуге, қан қызметінің жұмысына халықаралық сапа стандарттарын енгізудің қажеттілігіне негізделген.
Бүгінгі күні Орталық республикамыздың барлық қан қызметінің жұмысын үйлестіру және бақылауды, өндірістік және клиникалық трансфузиология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, шетел зауыттарында қан препараттарын алу мақсатында плазманы өңдеу – келісімшарттық фракциялауды дамыту қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Бізде мамандардың жұмысы мен кәсіби әлеуетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Қан препараттарын дайындау шарттары ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Басты қағидамыз – донордың денсаулығына зиян келтірместен, пациенттерге барынша көмек көрсету.
Осы блог өзара сұхбат жүргізудің алаңына айналатынына сенімдімін. Осыған орай, құзыретімізге жататын маңызды тақырыптарды талқылауға қатысайық. Өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды.
Құрметпен,
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының Басқарма Төрағасы
Сәния ӘБДІРАХМАНОВА