Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Ғылым

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1) Құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлауға және үйлестіруге ақпараттық-консультациялық жәрдемдесу;

2) инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруда әдістемелік қамтамасыз ету;

3) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулер мәселелері бойынша басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

4) ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін іздеу және жаңа ғылыми-зерттеу гранттарын алуға жәрдемдесу, оларды ұйымдастырушылармен өзара іс-қимыл жасау, жобалармен жұмыс шеңберінде құрылымдық бөлімшелер мен жекелеген қызметкерлерді үйлестіру;

5) орталық бөлімшелері мен қызметкерлерінің ғылыми-техникалық қызметі нәтижесінде құрылатын зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және коммерциялық сату үшін жағдайларды қамтамасыз ету.

2021 жылы ҚР ДСМ “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы” ШЖҚ РМК Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясына “ҚР GCP стандарттарына, этикалық сараптама бойынша ДДҰ стандарттары мен басшылығына, тиісті клиникалық практика (GCP) бойынша үйлестіру жөніндегі Халықаралық конференцияның (ich) басшылық қағидаттарына сәйкестігі туралы” 3 жыл мерзімге Сертификат берілді (дейін 2024 жылғы желтоқсан).

2022 жылы ҚР ДСМ “Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы” ШЖҚ РМК 5 жыл мерзімге “ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы” Куәлік алды (2017 жылы алынған Куәлік мерзімінің аяқталуына байланысты 2027 жылғы желтоқсанға дейін).

2023 жылы орталықтың ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі 5 ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты.

2 мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жобалар:

  1. “Миокард инфарктісінің дамуымен байланысты гендердің полиморфизмін анықтау мақсатында анамнезінде миокард инфарктісі бар қазақ этнос адамдарының ДНҚ-сына талдау жүргізу”, консорциум құрамындағы 2021-2023жж. ПЦФ, ҚазҰМУ-дың бас ұйымы;
  2. ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландыруы шеңберінде 2021-2023 жылдарға арналған “Иммунологиялық қаупі жоғары органды транспланттауға үміткерлерді операция алдындағы кешенді дайындау шеңберінде екі фазалы десенсибилизациялаушы терапияны қолдану”.

3 бастамашыл жоба (оның ішінде шетелдік ұйымның қолдауымен жоба):

  1. Диабеттік аяқ синдромы ауруында жазылмайтын трофикалық ойық жараларды емдеу кезінде тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған аллогенді плазманы пайдалану 2021-2023жж;
  2. Қазақстан Республикасында қан донорлары арасында Е вирустық гепатитінің РНҚ таралуын зерттеу 2022-2023жж;
  3. Тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған аллогенді плазманы әртүрлі генездің ұзақ уақыт емделмейтін жараларында қолдану тиімділігін бағалау. 2023-2026гг.

Орталық қызметкерлері 2023 жылы 3 әдістемелік ұсыныс шығарды:

  1. Медициналық ұйымдарды аллогендік гемопродукциямен жабдықтауды басқару;
  2. Гемопоэтикалық дің жасушалары (сүйек кемігі)донорлары тіркелімінің жұмысын ұйымдастыру және рәсімдері;
  3. Қазақ популяциясындағы миокард инфарктісінің қауіп факторларының сипаттамасы және фармакогеномика нәтижелері.

Авторлық құқық туралы 4 куәлік алынды:

  1. Созылмалы вирустық В гепатиті бар науқастарда өмір сапасы және оны жақсарту мүмкіндіктері;
  2. Қазақ популяциясындағы миокард инфарктісінің қауіп факторларын бағалау;
  3. Медициналық ұйымдардың гемопродукцияға қажеттіліктерін жоспарлауды болжау;
  4. Өтеусіз қан донорларын және оның компоненттерін рекрутинг жүйесі.

Орталық қызметкерлері 2023 жылы 48 ғылыми мақалалар мен тезистер жариялады, оның ішінде 5-і шетелдік индекстелетін журналдарда, 26 қызметкер халықаралық және отандық конференциялар мен форумдарда ауызша баяндамалар жасады.

2023 жылы Орталық қызметкерлері 3 инновациялық әдісті әзірлеп бағалаудан өтті:

  1. Адамның мезенхималық стромальды жасушалары негізінде биомедициналық жасуша өнімін алу (“Трансфузиология және медициналық биотехнологиялардың Республикалық ғылыми-практикалық орталығы” ММ, Минск қ., Беларусь Республикасы, 15.05.2023 ж.-26.05.2023 ж.);
  2. Миокард инфарктісімен ауыратын науқастардың мәліметтер базасын толтыруға арналған тексеру парағы. Астана қаласы әкімдігінің “№9 қалалық емхана” ШЖҚ МКК. “Қазақстан Республикасында дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы”, миокард инфарктісін зерттеу бөлігінде;
  3. Миокард инфарктісімен ауыратын науқастардың мәліметтер базасын толтыруға арналған тексеру парағы. Миокард инфарктісін зерттеу бөлігінде “Шипагер “отбасылық денсаулық орталығы” ЖШС” Қазақстан Республикасында дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасы”.

 

Жаңалықтар