Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
2015 жылдан бастап 52 елдің 28 миллионнан аса гемопоэтиттік бағаналық жасуша донорларының басын біріктірген Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының Ассоциациясы (World Marrow Donor Association) ұсынған Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының күні жыл сайын атап өтіледі.
Әлемнің түпкір түпкірінде бұл күні қоғамның назарын донорлықтың басты міндеттеріне аударуға бағытталған іс-шаралар өткізіледі және сүйек кемігі донорларына, олармен байланыста болатын мамандарға және дәрігерлерге ризашылық білдіріліп, сый сиапат көрсетіледі. Сүйек кемігін немесе бағаналық жасушаны ауыстыру 70-тен аса түрлі аурулардан құтқару үшін, оның ішінде лейкемия және лимфома, сондай-ақ апластикалық анемия, миелодиспластикалық синдром, иммунды жетіспеушілікті тұқым қуалаушы бұзушылық және тұқым қуалаушылық зат алмасудың бұзылу ауруларын қоса алғанда басқа да аурулар кезінде көмектеседі.
Қан ауруы кезінде жазылып кетуге немесе дәрінің көмегімен ұзақ емделуге болады, бірақ бұл кейде мүмкіндік емес. Сондай кезде өміріңді сақтайтын жалғыз тәсіл гемопоэтикалық бағаналық жасушаны немесе оны былай атайтын – сүйек кемігін ауыстыру болып табылады.
Қазақстанда жыл сайын сүйек кемігін ауыстыруға 300 аса адам мұқтаж, соның жартысы балалар мен жасөспірімдер. Дәл осындай пациентке көмек көрсету үшін, 2011 жылы желтоқсан айында Астанада Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында сүйек кемігі доноры болуға қажет болған жағдайда өзінің келісімін беретін, адамдар туралы барлық қажетті ақпараттар орналасқан, гемопоэтикалық бағаналық жасушаның әлеуетті донорларын Тіркеуді құруды бастады. Бүгінгі күнде оған тіркелгендердің саны 4 000 донордан асады. Жыл сайын бұл сан өсіп келеді.
Осыған ұқсас тіркеу барлық дамыған елдерде және әлемдік деңгейде өздерінің азаматтарына медициналық көмек көрсететін елдерде бар. Мысалға алатын болсақ, Арменияда бүгінгі күнде 14 мың аса донор, Ресейде – 16 мың
шамасында, АҚШ 5,7 миллион. Барлық ұлттық тіркеулер жалпы саны 28 миллионнан астам донорды біріктірген Халықаралық тіркеуге еніп отыр.
Қазақстандық тіркеуге түскен адамдар, жоғары рұқсаты бар типирлеуден өткен (зертханалық зерттеу), ол– донор және реципиенттің екі фенотиптің жәй сәйкестігін (антигендер жиынтығы) бұдан әрі қосымша зерттеусіз жолмен үйлесімділігін анықтауға болатындығын білдіреді. Дәл осы шешім ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен Тіркеу жұмысының нормативтік негізінің «белгісінде» қабылданды.
Шет елдердің көбінде тіркеуде төменгі рұқсаты бар әлеуетті донорлардың фенотип туралы ақпараты бар, бұл тек үйлесімділік мүмкіндігі туралы ғана және төменгі рұқсаты бар адамдарға келетін қосымша зерттеуді жүргізу қажеттігін айтады.
Нақты пациент үшін әрбір донор бола алмайтынын ескеру қажет. Тіпті туған аға немесе апалар донорлық үшін 30% артық емес мүмкіндігі бар. Бұл өте күрделі жүйе, қан тобының жүйесімен жалпы ештеңесі жоқ. Егер донор HLA-антигендер жүйесі бойынша пациентке сәйкес келмесе, қабылдамау реакциясы жүреді және жазылуға мүмкіндік қалмайды. HLA-антигендермен байланысуы таралған адамдар үшін донорлар табу мүмкіндігі теңдеуі: 1-10 000 тең, ал сиректігі 1- 10 000000 тең. Бұдан басқа, өзінің тіркеуі жоқ және өзінің мәліметтер қорын ұсына алмайтын елдер үшін, тіркеуде сәйкес келетін донорды іздеу он мыңдаған евроның айналасы болады. Ал іздеуге кеткен осы уақытта (орта есеппен бірнеше айдан бірнеше жылға дейін), ауыстыруда аман қалу мүмкіндігі азаяды.
Анықтама: Гемопоэтикалық бағаналық жасуша әрбір адамның сүйек кемігінде пайда болады және көбейеді, осыдан жатыр ішінің дамуы басталады, ол адамның барлық қан жасушалары – эритроцит, лимфоцит, тромбоцит, миелоцит және басқаларынан шығады. Осы жасушалардың қабілеттілігі зақымданған зиянның ықпалынан сүйек кемігінің және иммунды жүйесінің қызметін қалыптастыруға асқынған тұқым қуалаушылық және иммуны жеткіліксіз, аурулар алмасу, гематологиялық және онкологиялық ауруларды емдеудің болашығы болып табылады. Сыртқы ортаның зиянды факторларының әсерінен қан жасушасының хромосомаларында өзгерістер болады, нәтижесінде олар жетілуге және қанның қалыпты жасушалары пісіп жетілуге қасиетін жоғалтады одан бақылаусыз көбейе беруді бастайды. Осындай жағдай лейкоз немесе қан обыры деп аталады. Дәл осы лейкоз кезінде болашағы және жиі қолданылатын тәсіл сүйек кемігін ауыстыру болып табылады (гемопоэтикалық бағаналық жасуша).