Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін
Біз нағыз батырларды – өзгенің өмірін құтқару үшін өзінен бір бөлігін бөлісетін адамдарды құрметтедік. Ұлттық сүйек кемігі донорларының тізіліміне әрбір тіркелу – біреуге өмір сыйлауға берілген мүмкіндік. 💖
🎶 Қонақтарды концерттік бағдарлама, тосынсыйлар мен шынайы алғыс атмосферасы қарсы алды.
🏅 «AMANAT» партиясының қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек сегіз донорға алғыс хаттар мен марапаттар табыс етті.
🌸 «Ұлттық ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының» басқарма төрайымы Сания Абдрахманова донорларды құттықтап, ортақ іске үлес қосып жүрген жандарға алғыс айтты.
Алғысымызды білдіреміз:
🤝 «AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалының төрайымы Жүсіпова Санира Орынтайқызы іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін @sanirapvl ;
🎤 жүргізуші Рахимова Ризаға жарқын жүргізгені үшін @riza_rakhimova ;
💐 Manu Flowers — донорларымызға тамаша гүлдер сыйлағаны үшін @manu_flowers_astana ;
🏥 Art clinic — демеушілік қолдауы үшін @artclinic.kz ;
💃 «Кадир» ансамбліне — әсерлі би үшін @lezginka_kadir_01 ;
🎶 әнші Назым Бекишеваға — жүрекке жеткен өнері үшін;
🏢 Mega Silk Way СОСО-на — мерекеге алаң ұсынып, қолдау көрсеткені үшін @megasilkway ;
🏢 Астана қаласының әкімдігі мен Есіл ауданы әкімдігіне.
Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күні – батылдықтың, адамгершіліктің және мейірімді жүректердің мерекесі. Осы таңдауды жасаған әрбір жанға және әлі донор болуға ниеттеніп жүргендерге үлкен алғыс! 🙏💐