Кору қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы

Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

2 қазанда Астанада ағзаларды донорлау және трансплантациялау жөніндегі Еуропалық күнге орай «Бір шешімнің күші» форумы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, дін өкілдерінің, медициналық қауымдастықтың, қоғамдық ұйымдардың және БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Форумның басты мақсаты — Қазақстанда донорлық мәдениетін қалыптастыруға күш біріктіру және трансплантация тақырыбы төңірегіндегі мифтерді жоққа шығару.

💬 Кездесу барысында трансплантация арқылы жаңа өмірге ие болған адамдардың шынайы оқиғалары, дәрігерлердің, заң шығарушылар мен еріктілердің рөлі айтылды. Ерекше назар eGov порталында волеизъявление (ерікті келісім) білдіру актісіне аударылды — бұл әрқайсымыз басқаға үміт сыйлай алатын маңызды қадам.

📍 Ұлттық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасының меңгерушісі Аида Турғанбекованың айтуынша, ағзаларды трансплантациялау донор мен реципиенттің иммунологиялық үйлесімділігі болған жағдайда ғана мүмкін. Үйлесімділік тексерісі республика бойынша бар бес қан қызметі зертханасында жүргізіледі. Бас зертхана — Ұлттық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында орналасқан.

Форум соңында қатысушылар «Үміт минуты» атты символикалық акцияға қатысып, онлайн түрде өз ерікті келісімдерін білдірді және: бір шешім жеті адамға дейін өмір сыйлай алатынын дәлелдеді.

✨ Ұйымдастырушыларға, спикерлерге және барлық қатысушыларға елімізде донорлық мәдениетін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

Жаңалықтар