Кору қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы

Донорларды қабылдау: күн сайын 8:00-дан 17:00-ге дейін

«QazMed Volunteers» еріктілері қан тапсыру акциясын ұйымдастырды

Астана қаласында Қан орталығы мен Астана медицина университетінің қолдауымен маңызды әлеуметтік бастама жүзеге асты. Бір күн ішінде 89 ерікті донор қан тапсырды, нәтижесінде жалпы көлемі 31,5 литр қан жиналды.

Бұл игі іс-шара – «QazMed Volunteers» еріктілер ұйымының бастамасымен және Қан орталығының серіктестігімен өткен ортақ жоба. Акцияның басты мақсаты – жастар арасында қан донорлығы мәдениетін дамыту, сондай-ақ ерік-жігер, мейірімділік пен әлеуметтік жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды насихаттау болды.

Қан тапсыру – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған ең ізгі амалдардың бірі. Әрбір тапсырылған қан тамшысы – біреудің өмірін жалғастыруға мүмкіндік. Осындай шаралар арқылы жастар қоғамға нақты үлес қосып, жақсылық жасаудың шынайы қуанышын сезінеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да қайырымдылық пен еріктілікке бағытталған жобалар жалғасады. Бұл бастама медициналық еріктіліктің қоғамдағы маңызын арттырып, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайта түспек.

Жаңалықтар