Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

Фармацевтикалық қызмет бөлімі

 

Бөлім құрамы:

  • Батырғалиева Зәмзәгүл Белалқызы – провизор, фармацевтикалық қызмет бөлімінің бастығы, денсаулық сақтау саласының үздігі;
  • Сартаева ГауҺар Жайлаубайқызы – екінші санаттағы фармацевт, фармацевтикалық қызмет бөлімінің маманы;

 

Бөлімнің негізгі функциялары

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау – келіп түскен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сапа стандарттарының сәйкестігіне тексеру.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау – сапасы мен тиімділігіне қолжеткізу үшін сақтау шарттарын орындау, олардың жарамдылық мерзіміне бақылау жүргізу.

Есепке алу және есептеме – құжаттама жүргізу, жеткізілімдерді есепке алу, дәрі-дәрмектерді есептен шығару және ауыстыру, нормативтік талаптарды сақтауды қамтамасыз ету.

Нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу және қолдау – ТҒӨО-да фармацевтикалық қызметке қатысты ішкі құжаттаманы әзірлеуге және іске асыруға қатысу, стандарттар мен нормативтік талаптарды сақтау.

 

 

 

Жаңалықтар