Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

2018 жылғы III Еуразиялық конгресс «ӨТЕУСІЗ ҚАН ДОНОРЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Аса құрметті әріптестер!

Сізге өз құрметімізді білдіріп, 2018 жылғы 4-7 сәуір аралығында Казахстан Республикасы, Астана қаласында өтетін «Өтеусіз қан донорлығын дамытудың өзекті мәселелері» атты III Еуразиялық конгрес жұмысына қатысуға шақырамыз.

Өткізу орны: Қазақстан, Астана, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7, Rixos President Astana қонақ үйі.

Конгресстің мақсаты қанның өтеуіз донорлығы мен қан қыметін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау. Қан құю, қан тапсыру, қан қызметінің инновациялық бағыттарында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, қолданбалы зерттеулер және қан құю саласында ең озық тәжірибені енгізу мәселелерін талқылау.

Конгресс алыдн ала бағдарламасы: (сілтеме кейін ұсынылады)

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қанның өтеусіз донорлығын дамытудың өзекті мәселелері мен проблемалары;
  • Қан компоненттерін дайындаудың, донор қанын тестілеудің жаңа мүмкіндіктері;
  • Донор қаны және оның компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Дәлелдемелерге негізделген донор қанының компоненттерін пайдалану;
  • Қан қызметіндегі үдерістерді ақпараттандыру;
  • Донор тіркелімі және қан жүйесінің обыр аурулары кезінде дін жасушаларын транспланттау.

Конгресстің ресми тілі: Қазақ, орыс, ағылшын.

Қатысу формасы:

  • Баяндамалар*,
  • тезис жариялау,
  • тыңдарман.

*Пленарлық баяндамалар мен сессия баяндамаларын Ұйымдастыру комитеті белгілейді.

Баяндамалардың ұзақтығы: Баяндама – 20 минут.

НЕГІЗГІ КҮНДЕР:

Конгресс қатысушыларын тіркеу:

2018 жылғы 4 қаңтарда басталады;

 2018 жылғы 4 сәуірде аяқталады.

Өтінімдер мен баяндамаларды қабылдау – 2018 жылғы 4 сәуірге дейін.

Ұйымдастыру комитеті 2018 жылғы 4 сәуірден кейін түскен материалдарды қарамайды.

Конгреске қатысу тегін.

Авторлардың назарына:

Қатысуға арналған өтінімдерді бағытты көрсете отырып, 3ect2018@gmail.com поштасына жіберіңіз.

Тезистерді бағытты көрсете отырып, omninpct16@mail.ru поштасына жіберіңіз.

Тезистер конгрестің ресми тілдерінде (қазақ, орыс, ағылшын) қабылданады.

Тезистер автор редакциясында, қосымша түзетусіз жарияланады. Мәтін мазмұны үшін толық жауапкершілік авторларға жүктеледі.

Конгрестің ұйымдастыру комитеті бағдарлама мен конгресс материалдарының жинағына қосу үшін сапасы төмен және нашар редакциядағы тезистерден бас тарта алады.

Қабылданған материалдар қайтарылмайды.

Тезиске қойылатын талаптар:

Негізгі мәтін

Тезистер Word (.doc немесе .docx) форматында жіберілуі тиіс; арақашықтығы – бір; гарнитурасы – Times New Roman, кегль 12. Мәтін көлемі 350 сөзден аспау керек. Тезистерде әр автор туралы (толық тегі мен атын, жұмыс орнын, лауазымын; ғылыми дәрежесін, атағын; телефоны мен электрондық поштасы; қатысу формасы мен баяндама немесе постердің атауы толық көрсетіледі) ақпарат бар басты бет болу керек. Негізгі автордың тегі жоғарғы шрифтпен кіші (1) санмен белгілену кажет.

Тезис мынадай: кіріспе, әдістер, нәтижелер мен қорытынды бөлімдерін қамтитын секцияларға бөліну керек.

Тезис конференцияның негізгі тілдерінде ұсынылғаны жөн.

Тезис мәтінінде суреттер, кестелер, әдебиет тізімі болмау керек.

Электрондық пошта арқылы жолдаған кезде секцияны көрсете отырып, файлдың атауы ретінде латиница тілінде жазылған бірінші автордың аты мен тегін пайдалануды сұраймыз.

Тезисті рәсімдеу үлгісін қосымшадан көруге болады: https://cloud.mail.ru/public/U7VV/PLHZwhxW2

Қысқартулар:

Қысқартулар мәтінде алғаш рет аталғаннан кейін жақша ішінде келтірілу керек. Стандартты өлшем бірліктері түсіндіруді қажет етпейді.

Хатшылар:

Мереке Ашықбаева: +77757992488, email: omninpct16@mail.ru

Қатысуға арналған өтінім ғылыми жұмыс авторларының біріне тезиске қоса берілген сілтемеге сәйкес жеке файл ретінде толтырылады.

Қатысуға арналған өтінім: https://cloud.mail.ru/public/Cwd7/2NmcKDH6M

Қонақ орналасуы:

Конгрестің өткізілуіне байланысты келесі қонақ үйлерді ұсынамыз:

  1. «Rixos President Astana» (Конгресстің қатысушыларына арнайы бағаға қоныс аудару үшін промо-коды жіберілді) Rixos сілтемеcі: http://presidentastana.rixos.com/
  2. «Думан» («Сервис-Менеджмент» ЖШС) (Конгресстің қатысушыларына арнайы бағаға қоныс аудару үшін промо-коды жіберілді) Думан сілтемеcі: http://www.hoteldumanastana.com/
  3. «Hilton Garden Inn қонақ үйі» толтыру формадасына сілтеме: https://spct.kz/wp-content/uploads/HGI-Free-Booking-Form_III-Евразийский-конгресс-трансфузиологов_Apr_2018.pdf

Конгрестің өткізу орнына көлік болады ұйымдастырылған

Құрметпен,

Ұйымдастыру комитеті

Жаңалықтар