Кору қабілеті нашар адамдарға арналған сайт нұсқасы

Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін

«Гемопоэздік дің жасушалары донорларының тіркелімі: тәжірибе, мәселелер және даму жолдары» атты конференция өтті

Іс-шараны Әсель Байсеитова атындағы Қайырымдылық қоры және ҚР ДСМ “Республикалық қан орталығы” ұйымдастырды.

Бұл — еліміздің әр өңірінен жиналған мамандардың басын қосқан маңызды диалог алаңы. Жиын барысында олар келесі өзекті мәселелерді талқылады:
🔹 Ұлттық донорлар тіркелімін кеңейтудің жолдары;
🔹 Донорлық туралы ақпараттандыруды арттыру және оған қатысты жалған ұғымдар мен мифтерді жоққа шығару жолдары;
🔹 Үлгілерді іріктеу мен тасымалдаудың қандай кедергілері;
🔹 Шетелдік тәжірибеде қолданылатын әдістер.

ТҒӨО атынан ГДЖ донорлар тіркелімінің меңгерушісі Ажар Сәкенқызы Шакенова баяндама жасады. Оның айтқан сөздері ортақ пікірталастың мәнді әрі мазмұнды бөлігіне айналды.
💬 Донорлар мен реципиенттердің бастан кешкен оқиғалары ерекше әсер етті.
Олар донорлық — бұл өмірге деген үміт пен жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін еске салды. ❤

Қазақстандағы донорлық жүйесін дамытуға үлес қосқан әрбір қатысушыға алғыс білдіреміз
Баршамыз үміт пен өмір сыйлайтын көпірді бірге қалыптастырамыз.

Жаңалықтар