Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін
Біздің орталық “Digital Boards” ЖШС-нің бас директоры Глашева Сабина Еріковнаға және “Digital Boards” ЖШС-нің кәсіби маркетологы, pro bono ерікті — Анель Бегеноваға шын жүректен алғыс білдіреді!
⠀
Ұлттық еріктілер желісімен және dos.community платформасымен ынтымақтастық нәтижесінде, Анель біздің өтінішімізге үн қатып, қан донорлығын ілгерілетуге кәсіби қолдау көрсетті.
⠀
📈 Біз маңызды кеңестер, ақпараттық материалдарды дайындауда қолдау алдық, және ең бастысы — “Digital Boards” ЖШС-нің цифрлық тақталарында біздің бейнероликтерімізді орналастыру мүмкіндігіне ие болдық!
⠀
❤️ Мұндай бастамалар шабыт сыйлайды және бірлесіп көп нәрсеге қол жеткізе алатынымызды дәлелдейді.
⠀
Донорлық мәдениетті дамытуға қосқан үлесіңіз бен шынайы жанашырлығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!