Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 17:00-ге дейін
«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында Дүниежүзілік қан доноры күні кең көлемде аталып өтті. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мазмұнды концерттік бағдарлама, жағымды тосынсыйлар және өзгелердің өмірін сақтау жолындағы ізгі жандарға деген алғысқа толы атмосфера жасалды.
Мереке шарасына қалалық AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек қатысты. Ол қанын 40 реттен астам тапсырған алғыс хаттары мен «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгілерін табыс етті. Бұл қаһармандар — ұзақ жылдық тәжірибесі бар донорлар, өзгелердің өміріне теңдесі жоқ еңбек сіңірген жандар.
Сондай-ақ қан және тромбоциттерді 70 реттен астам тапсырған донорлар терең құрметтің белгісі ретінде грамоталармен марапатталды.
Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова донорлық қозғалысты белсенді түрде қолдап келе жатқан ұйымдарға алғыс хаттарын табыс етті.
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы құттықтап, қан донорларына және Қан орталығының еріктілеріне алғыс білдірді. «Ауыл» және Respublica партиялары да қоғам үшін ерікті қан тапсырудың маңызы зор екенін атап өтті.
Құттықтау тілегімен белгілі спортшы Темір Спатаев — «қазақ темір адамы», армрестлингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Азия чемпионы сөйледі.
Шара тосын сыйларсыз өтпеді: мереке қонақтары Instagram-дағы «Донорды құттықтау» челленджі және донорлық сұрақ-жауап ойынына қатысты.
Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басқармасы төрағасы Сания Әбдірахманова да келушілерді құттықтау тілегін білдіріп, ізгі жандарға шын жүректен алғыс айтты.
Музыкалық атмосфераны әнші Balzhan Zharkynbek, Анастасия Мискарян және Виктор Вильгельмовичтің «Сен және Мен» атты донорлар әні, сонымен қатар лезгинка, армян ұлттық «Наири» биі және басқа да көрсетілімдер әрледі.
Қонақтарды смузилер, иммундық шырындар және сусындармен қамтамасыз еткені үшін Evergreen компаниясына, @evergreen.ast ал әсем гүлшоқтары үшін Romantic.kz гүл дүкеніне алғыс білдіреміз! @romantic.kazakhstan
Донорлар күні — өзгелердің өмірін сақтайтын қаһармандардың мерекесі. Жүрегі кең жандарға рахмет!