Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан донорлығын қолдауға арналған “Мейірімді сұлулық” акциясы

25 қарашада Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында “Мисс Қазақстан” конкурсанттарының қатысуымен Астана қаласының әкімдігінің “Астана жастары” Жастар ресурсты орталығымен бірлескен акциясы өтті.

“Мейірімді сұлулық” эгидасымен республиканың барлық облыстарының атақты сұлулары ерікті өтеусіз донорлықты қолдап, донорлар қатарына қосылды. Акцияның мақсаты – өтеусіз донорлықты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың, әрқайсымыздың бойында адамдар өмірін құтқару үшін өз қанының бөлігін сыйлауға даярлықты тәрбиелеудің маңызды факторы ретінде әйгілеу болып табылады.