Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Қан қызметінің Қазақстандық моделі. Тәжірибесі және келешегі

Бүгін, 30 мамырда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында (ТҒӨО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің, жақын және алыс шет елдердің қан орталықтары басшыларының қатысуымен «Қан қызметінің Қазақстандық моделі. Тәжірибесі және келешегі» атты үш күндік Халықаралық семинар жұмысын бастады.

Мемлекет басшысы белгілеген «100 нақты қадам» Ұлттың жоспарының басым бағытының бірі денсаулық сақтаудың бәсекелестік жүйесін дамыту болып табылады. Бүгінгі күнде отандық қан қызметі – денсаулық сақтау саласының серпінді дамушысының бірі, осы қысқа уақыт ішінде қан құю бойынша халықаралық қоғамның жоғары бағасын алуға және танылуына мүмкіндігі бар жетістіктерге жетті. Қызметті оңтайландыру негізінде халықаралық стандарттарды тиімді енгізу және нормативтік құқықтық деректерді жетілдіру ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту сияқты, қызметтің негізгі көрсеткіштерін арттыруға мүмкіндік береді; трансфузиондық індеттің бар болуына донорлық қанды зертханалық скринингілеу жүйесін жетілдіру, бұл 2013 жылдан бастап заң шығарушылық негізде міндетті тәртіп бойынша екі әдіспен (ИФТ+ПТР) жүргізіледі. Бұл әлі де жетістіктің толық тізбесіне жеткен жоқ, бұл бүгінгі күнге дейінгі отандық қан қызметінің заманауи жағдайын сипаттайды. Жүргізілген түбегейлі өзгерістер қан қызметінің жаңа қазақстандық моделін құруға мүмкіндік береді. Ал оған өскелең мүдделер шетел қан қызметінің барлық үлкен мөлшерінің тарапынан пайда болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Биртанов өзінің семинар қатысушыларына арнаған алғы сөзінде, қазақстандық қан қызметінің артықшылығы мен негізгі бағыттарына тоқталды.

– Қан қызметі денсаулық сақтау жүйесінде негізгі ұстанымға ие және хирургия, гематология, анестезиология, реаниматология және басқа да мединцинаның клиникалық бағытының жемісті дамуын қамтамасыз етеді, -деді ол.

Қазақстандағы Дүиежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының елдік офисінің басшысы Мелиты Вуйнович, Трансфузиологтардың Ресейлік ассоциациясының бастығы Евгения Жибурт құттықтау сөз сөйледі.

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Жандос Бүркітбаев «Қан қызметі реформасының негізгі бағыты» атты баяндамасында

2011-2015 жылдарға арналған қызметтің қадамдық жоспарымен қан қызметін дамыту Концепциясын жүзеге асыру бойынша қабылданған нақты шаралар туралы айтып өтті. Атап айтқанда, Орталықтың материалдық қорын тіркеудің жүргізілуінің жалғасуы денсаулық сақтау тәжірибесінде қан

компоненттерін пайдалануға және өндіріске заманауи технологияны енгізуге, қан қызметін ұйымдастырудың үдемелі нысаны мен әдістерін әзірлеу бойынша шара болып табылады.