Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасындағы зертханааралық салыстырулар

Евротрансплант, Иммуногенетиктердің Еуропалық федерациясы және Гистологиялық үйлесімділік пен иммуногенетиканың американдық қоғамы сияқты ұйымдарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес HLA-A*, B*, C*, DRB1*, DQB1 локустарының гендерін анықтау туыс және туыс емес донорлардан гемопоэздік дің жасушаларына транспланттау жүргізуде міндетті болып табылады. HLA-антигендерін анықтайтын зерттеулерді дұрыс жүргізу тиімді трансплантатудың негізі. Осыған орай, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (бұдан әрі – ТҒӨО) Тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасы 2012 жылдан бастап HLA-A*, B*, C*, DRB1*, DQB1* локустарын төмен және жоғары мүмкіндікте молекулалық-генетикалық типтеу бағыты бойынша біліктілікті сыртқы бағалау бағдарламаларына қатысады.

Сапаны сыртқы бақылаудан өткізуге арналған бақылау үлгілері мынадай ұйымдардан алынды: Польшаның Иммунология және эксперименталды терапия ғылыми академиясы (Institute of Immunology and Experimental Therapy Polish Academy of Sciences) және Вена медицина университетінің Иммуногематология және трансфузиялық медицина департаменті (Австрия) (Department for Blood Group Serology and Transfusion Medicine, Medical University of Vienna).

2017 жылы шоғырлану 20 нг/мкл және одан жоғары ДНК 10 үлгісі тексерілді. HLA-A*, B*, C*, DRB1*, DQB1 локустары бойынша төмен мүмкіндіктегі типтеуді PCR-SSP (Protrans) әдісімен жүргізді. Жоғары мүмкіндіктегі типтеуді бірінші HLA класындағы антигендер үшін 2 және 3 экзондары және екінші HLA класындағы антигендер үшін 2 экзон бойынша S4 (Protrans) технологиясымен секвенирлеу әдісімен жүргізді.

Нәтижесінде жоғарыда аталған ұйымдардан сапаны сыртқы бақылаудан өткені туралы сертификаттар алынды.

Гистологиялық үйлесімділікті зерттеудің серологяялық зерттеулер сапасын бағалау үшін ТҒӨО Республикалық қан орталығымен (Алматы қаласы) зертханааралық салыстырмалы сынауларын ұйымдастырды. А, В және С локустары, сондай-ақ «кросс-матч» реакциясы бойынша төмен мүмкіндікте типтеу жүргізу үшін әр зертхана 1 донордың қан үлгісін және 4 реципиенттің сарысуын ұсынды. Нәтижелерінде айырмашылық болған жоқ.

Сапаны сыртқы бақылаудан сәтті өткеніміз зерттеулерді жүргізу дұрыс ұйымдастырылғанын растайды және тіндерді иммунологиялық типтеу зертханасына аккредиттеудің ұлттық және халықаралық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.