Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Прокуратура қызметкерлері өзін өзі өртеп зардап шеккен Майра Рысманова үшін қан тапсырды

Бүгін 13 желтоқсанда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Астана қаласы прокуратурасының бір топ қызметкерлері Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін өртеп зардап шеккен Майра Рысманова үшін қан тапсырды.

Бұл туралы баспасөз ақпарат құралдарында жазғандай оқиға 6 желтоқсан күні орын алған. Жақын күндері зардап шеккен М.Рысманованың қалі нашар, оның өмірі үшін №2 қалалық аурухана дәрігерлері күресіп жатқандығын және донор қаны керек екені туралы хабар таратылған болатын.

– Осы ақпарат біздің қызметкерлеріміздің қатысуымен донор акциясын ұйымдастыруға себепші болды. Біз үшін азаматша М.Рысманова немесе донор қанына мұқтаж кез-келген адам болсын айырмашылығы жоқ. Біз басқа да мұқтаж жандар үшін де келіп көмек беруге дайынбыз. Біздің қызметкерлер осы аптаның ішінде келіп қан тапсыруға ниет білдіріп отыр. Бүгін бірінші топ келді. Акцияға қатысушылар негізінен Бас прокуратура өкілдері болады деп көзделіп отыр, – деді донорлардың бірі, астаналық прокуратура бөлімінің бастығы, 1 санатты заңгер, Сұлтан Абдухалықов.

Бас прокуратураның бұрын 6 желтоқсанда 12 сағат 16 минутта берген ақпаратына сәйкес тексеру-өткізу пунктінің бөлмесіне белгісіз әйел үш серіктестерімен келіп, өзінің сыртқы киімдерін шешіп, үстіне бензин құйып өзін өзі өртеген болатын. Тексеру – өткізі бөлімінің қызметкерлері кідірмей өртті сөндіру шараларын жасады. Бас прокуратураның деректері бойынша өзін өзі өртеген 1968 жылы туылған азаматша Рысманова 1988 жылғы ұлы Ахметовқа қатысты шыққан соттың шешіміне келіспеуішілікке байланысты жасалған.