Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

Донор бол!

2018 жылғы 12 шілдеде Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасы «ПрайсуотерхаусКуперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС-да «Донор бол!» атты өтеусіз қан донорлығының акциясын өткізді.

Белгілі болғандай, қан адам денсаулығына аса маңызды элемент болып табылады. Донорлық қан әр сағатта, әр минутта қажет. Өз қанымен бөлісу – яғни біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлау деген сөз. Ұйым қызметкерлері ерікті өтеусіз қан тапсыру акциясының маңыздылығын түсіне отырып, мұқтаж жандарға көмек ретінде қан тапсырды.