Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Астана-АЭК» АҚ донор күні.

Қан орталығының мамандары таңертеңнен бастап «Астана-АЭК» АҚ-тың қан тапсыруға ниет білдірген қызметкерлерін қабылдады. Қан тапсырудың алдында қызметкерлер медициналық тексеруден өтті және терапевттің консультациясын алды.
Өздеріңіз білетіндей, қан хирургиялық операциялар жасау және күйікке шалдыққан науқастарға көмек көрсету кезінде күн сайын қажет, ол онкологиялық науқастардың өмірін сақтау, сондай-ақ басқа да ауруларды емдеу үшін керек.
«Астана-АЭК» АҚ қызметкерлерінің айтуынша: «Игі істерді жасағаны жақсы, ал әріптестермен бірге жасағанда оның маңыздылығы күшейе түседі, өйткені олар қолдау көрсетіп, ерекше көңіл-күйді қалыптастырады».
Іс-шараның қорытындысы бойынша 60 адам донор болды. Бірлескен күш-жігердің арқасында 27 литр жаңа алынған қан жиналды.

Жаңалықтар