Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Өндірістік қызметте қолданылатын зертханалық тестілеу және донорлық қанды қайта өңдеу технологиялары, заманауи жабдықтар АҚШ пен Еуропадағы ұқсас технологияларға сәйкес келеді
Бүгін, 2024 жылғы 13 маусымда БАҚ өкілдері ҚР ДСМ қолдауымен ТҒӨО баспасөз қызметі ұйымдастырған Ашық есік күні барысында Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (бұдан әрі – ТҒӨО) жетістіктерімен және оның жалпы қызметімен танысты.
Мұндай іс-шараны ұйымдастырудың басты мақсаты – донорлық қанның қауіпсіздігі, қан берудің қажеттілігі мен пайдасы туралы, сондай-ақ донорлық қан компоненттерін алудың, тестілеудің, сақтаудың барлық кезеңдерін көрсете отырып, донорлық туралы жалпы қате түсініктер туралы жұртшылық арасында кең ақпараттық науқан жүргізу болды.
Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ТҒӨО Басқарма төрағасы Сания Абдрахманова қан қызметі хирургия, гематология, анестезиология, реаниматология, клиникалық токсикология, трансплантология және т.б. сияқты медицинаның клиникалық бағыттарының табысты дамуын қамтамасыз ететінін түсіндірді. Өндірістік қызметте қолданылатын зертханалық тестілеу және донорлық қанды қайта өңдеу технологиялары, заманауи жабдықтардың болуы АҚШ пен Еуропадағы ұқсас технологияларға сәйкес келеді. Қызметті оңтайландыру және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру негізінде халықаралық стандарттарды тиімді енгізу қызметтің ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту сияқты негізгі көрсеткіштерін жақсартуға, сонымен қатар 2013 жылдан бастап заңнамалық негізде міндетті түрде екі әдіспен (ИФА+ПТР) жүргізілетін трансфузиялық инфекциялардың болуына донорлық қанның зертханалық скринингі жүйесін жетілдіруге мүмкіндік берді. 2010 жылдан бастап ТҒӨО базасында қанның зертханалық диагностикасында толық автоматтандырылған жабық үлгідегі аналитикалық жабдықты пайдалана отырып, екі сатылы скрининг қолданылады, бұл донорлық қан диагностикасында қателіктер жіберуге жол бермейді. ТМД аумағында мемлекеттік масштабта зертханалық диагностиканың бұл әдісі тек Қазақстанда ғана қабылданды, бұл озық технологияларды пайдалану бөлігінде қан қызметінің прогрессивті дамуын айғақтайды. Сондай-ақ төмен температура жағдайында қан жасушаларын ұзақ уақыт сақтау технологиялары қолданылады, бұл Қазақстанда гемопоэздік дің жасушаларын трансплантациялауды (бұдан әрі – ГДЖ) пайдалана отырып, емдеу әдістерін енгізуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, ТҒӨО басшысы көптеген жылдар бойы қан тапсыратын донорлардың маңызды рөлін атап өтті. 2024 жылы Дүниежүзілік қан доноры күнін тойлаудың жиырма жылдығы – жетістіктерді бағалаудың, проблемалар туралы ойланудың және қауіпсіз қан құюдың көпшілікке қолжетімді болатын болашағын елестетудің маңызды себебі. Биылғы жылы жаһандық науқан «Өтеусіз қуаныштың 20 жылдығы: қан тапсырған донорларға рақмет!». Бұл – қан тапсырудың 20 жылдық мерейтойына және оның пациенттер мен донорлардың өміріне терең әсер етуіне арналған науқан. Бұл науқан бүкіл әлемдегі қан, плазма және тромбоциттер донорларына, олардың құтқару қайырымдылықтары үшін алғыс білдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, көбірек адамдарды жаһандық қан тапсыру қозғалысына қосылуға ынталандыру арқылы әрекетке шақырады.
Іс-шараға қатысушылар қан қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты. Сондай-ақ, ТҒӨО барлық зертханаларының жұмысымен, қазіргі заманғы қан қызметін дамытудың басқа бағыттарымен танысты және трансфузиялық терапияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сұрақтарға толық жауап алды. Сондай-ақ, баспасөз туры барысында донорлық қанды алу және өңдеу жүйесі айқын көрсетілді.