Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

«Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен IX республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы туралы

«Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен IX республикалық ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы туралы

 

 

2021 жылғы 16-18 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының (бұдан әрі – ТҒӨО) базасында халықаралық қатысумен IX республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияның осы форматы онлайн режимінде ZOOM электрондық  алаңында алғаш рет ұсынылды.

Конференцияда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь Республикасы, Қырғыстан, Тәжікістан, Өзбекістан Республикаларыныңтрансфузиялық медицина саласындағы мамандар қатысты. Барлығы 240 қатысушы тіркелді.

Конференцияның мақсаты қан қызметін және денсаулық сақтаудың іргелес салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Пленарлық отырыста ұйымдастырушылық мәселелерге арналған баяндамалар қарастырылды. Осылайша, ТҒӨО Басқарма төрайымы С.Әбдірахманова отандық қан қызметінің жетістіктерін ұсынды.

Медициналық ғылымдар докторы, профессор, РФ еңбек сіңірген рационализаторы, сонымен қоса ТМД елдері аумағында қан қызметін дамытудың мәселелері бойынша ТҒӨО теңдесі жоқ серіктесі болып табылатын адам Е.Б.Жибурт Трансфузиялық ғылым және практика саласындағы әлемдік жетістіктер туралы баяндама жасады.

Минск қаласындағы Трансфузиология және медициналық биотехнологиялар республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Ф.Н. Карпенко Беларусь Республикасындағы қан қызметінің жетістіктері туралы баяндама жасады. Оның донорлық қаннан алынатын шикізатты өңдеу тәжірибесі жөніндегі хабарламасы тыңдаушылардың айтарлықтай қызығушылығын тудырды. РБ қан қызметі ұйымдары шығаратын өнімдердің қатарына дәстүрлі өнімдер – альбумин, иммуноглобулиндер ғана емес, сонымен қатар жасушалық технологиялар негізінде жасалған жаңа өнімдер де кіреді. Мұндай өнімдер емдеу үшін және косметологияда қолданылады.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасындағы қан қызметтерінің жағдайы туралы баяндамалар ұсынылды.

Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақ жағдайында ұйымдастырылған қан қызметі үшін медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) өндіру тәжірибесі туралы хабарлама ерекше қызығушылық тудырды. Баяндаманы «Eira Med» ЖШС Бас директоры М.Х. Әбдіхалиева ұсынды, ол зауыттың өндірістік алаңында донорлық қан мен оның компоненттерін дайындау үшін полимерлік контейнерлер мен стерильді ерітінділер шығару жолға қойылғанын, сондай-ақ цитаферез және донорлық қан компоненттеріндегі патогендерді инактивациялау жүйелерін өндіру басталғанын хабарлады. С.А.Абдрахманова, ішкі нарыққа шығарылатын ММБ конструкцияларын жобалау кезінде отандық тұтынушының қажеттіліктері ескерілгенін атап өтті.

Секциялық кеңестер барысында отандық және шетелдік спикерлер өтеусіз ерікті донорлықты дамыту, клиникалық трансфузиология және қан қызметіндегі зертханалық диагностика мәселелеріне арналған баяндамаларын ұсынды.

Бірінші секцияда қан мен оның компоненттерінің өтеусіз ерікті донорлығын дамыту проблемалары, оның ішінде ковидтік инфекция реконвалесценттерінің иммундық плазмасын донорлыққа тарту ерекшеліктері, сондай-ақ донорлық қан мен оның компоненттерін дайындаудың ұтымды тәсілі талқыланды.

Клиникалық трансфузиологияға арналған секцияда: онкологиялық ауруларға ұшыраған балаларда жаппай құю кезіндегі трансфузиялық терапияның тактикасына; гемотрансфузиялардың қолайсыз салдарларын жіктеу және оларды медициналық ұйымдарда анықтау мен есепке алу мәселелеріне; коронавирустық инфекцияны емдеу үшін иммундық плазманы пайдалану кезінде алынған тәжірибеге арналған тақырыптар көтерілді.

Зертханалық диагностика секциясында қан қызметіндегі корона вирустық инфекция маркерлерінің және гемотрансфузиялық инфекциялар маркерлерінің зертханалық диагностикасына, сондай-ақ иммуногематологияның кейбір аспектілеріне байланысты бірнеше баяндама тыңдалды.

Бұдан басқа, ТҒӨО мамандары орындаған жұмыстардың нәтижелері ұсынылды: амотосален және УФО өңделген конвалесценттік плазмадағы анти-SARS-CoV-2 антиденелерінің концентрациясының өзгерістерін зерттеу; иммундық плазма донорларындағы антиденелерді анықтаудың тәжірибесі туралы (нуклеокапсидті және спайк антигендеріне антиденелер); сондай-ақ COVID-19 науқастарында SARS-CoV-2 вирусының сақталу динамикасын зерттеу туралы жұмыстар.

Конференция қатысушыларына 2020 жылы Халықаралық қан құю қоғамының (International_Society_of_Blood_Transfusion (ISBT) конгресінде айтылған баяндамалармен танысуға мүмкіндік берілді)):

– Arwa Al-Riyami, Оман, аға кеңесші, Сұлтан Кабус университеті ауруханасының гематопатологы, м.ғ.д. «Ерікті қайырымдылыққа донор жалдау стратегиясының әсері; Омандағы ауруханадағы қан банкінің тәжірибесі»;

– Naa Adorkor Yawson, Гана, «Адам өмірін құтқару үшін ұшыңыз: Ганадағы құтқарушы ұшатын дрондар»;

– Zaaijer H., Нидерланды/Амстердам,  профессор, Sanquin қанмен қамтамасыз ету қорының және Амстердам университетінің медициналық микробиологы медициналық орталығы – Клиникалық вирусология «Донорлардағы SARS-CoV-2 антиденелері»;

– Gabriel Ch, Австрия, Қан тобы серологиясы және трансфузиялық медицина институты, Грац медицина университеті «Адам тектес көз тамшылары (EDHO): пациенттер, донорлар және жаңа өнімдер»;

– Van Weert A., Нидерланды, директор, Sanquin Ұлттық скринингілеу зертханасы «SARS-CoV-2 ПТР тестілеу: Sanquin Голландия қоғамы үшін ат салысқаны».

Конференция шеңберінде ROCHE Diagnostics мамандары көрсететін гемотрансфузиялық инфекцияларды диагностикалауға арналған зертханалық жабдықтарға сервистік қызмет көрсету мәселелерін талқылау бойынша саттелитиндік кеңес өткізілді. ROCHE DIAGNOSTICS компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған кеңеске Қазақстан Республикасының барлық қан қызметі ұйымдарының трансфузиялық инфекциялар зертханаларының меңгерушілері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға электрондық сертификат беру, сондай-ақ «Қан қызметі» журналының арнайы шығарылымында мақалалар жинағын шығару жоспарлануда.

 

                         

             

 

 

Жаңалықтар