Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ДОНОРЛЫҚ АКЦИЯ!

Дүниежүзілік обыр ауруына қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты – қоғамның назарын осы мәселеге аудару, онкологиялық аурулардың қаншалықты қауіпті және таралғанын еске салу және обырдан болатын өлім-жітімді азайту.

Жыл сайын Қазақстанда 35 000-нан астам адам онкология диагнозы қойылады.  Осы аурумен тіркелген адамдардың жалпы саны 170 000 адам. Ауру нәсілдік, жыныстық және жас айырмашылықтарын таңдамайды. Бүгінгі күні бұл жаман ауруының 200 түрі белгілі және  әр түрінің өзіндік ерекшеліктері бар, осы аурудан ешкім сақтандырылмаған.

Алайда, онкологиялық аурудың қандай да бір түріне шалдыққан науқасқа көмектесу – әркімнің қолынан келеді. Бұл үшін Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркеліміне тіркелу қажет, онда қажет болған жағдайда сүйек кемігінің доноры болу үшін өз келісімін берген адамдар туралы барлық ақпарат шоғырланған. Сондай-ақ, көмек көрсетудің тағы бір жолы – қан немесе оның компоненттерін тапсыру.

1 ақпан күні Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының  көшпелі бригадасы Ұлттық зияткерлік меншік институтының базасында Дүниежүзілік обыр ауруына қарсы күрес күніне арналған “Өмір сыйла!” атты акцияны өткізді.

Институттың 40-тан астам қызметкері қан тапсырды. Осы күні донор болған, сол арқылы өмірін құтқаруға өз үлесін қосқан донорлар алғыс ретінде Трансфузиология орталығынан донордың естелік білезіктерін алды.

Анықтама үшін: 2018 жылы әлемде онкологиялық аурулардың 18 млн жаңа жағдайы тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша өткен жылы онкологиялық аурулардан 9,6 млн адам көз жұмды. БҰҰ сайтының мәліметтері бойынша барлық өлім-жітімнің төрттен бір бөлігі темекі шегумен байланысты. Онкологиялық аурулар қатерінің басты факторлары – семіздік, аз қозғалыс, алкогольдік ішімдіктерді ішу және рациондағы жемістер мен көкөністердің жетіспеушілігі болып табылады.

Әлемде таралуы бойынша бірінші орында өкпе обыры, содан кейін сүт безі, ішек, простата, тері және асқазан обыры тұр. Онкологиялық аурулар жыл сайын экономикаға 1,16 триллион доллар көлеміндегі шығын келтіреді, – деп ДДҰ хабарламасында айтылған.

Қазақстанда 2018 жылы қатерлі ісіктен 15 мыңға жуық адам қайтыс болды, ал 180 мыңға жуық адам онкологиялық аурулармен ауруханаларда есепте тұр.

Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімі Астана қаласы, Керей Жәнібек хандар көшесі 10, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ғимаратында орналасқан.

207 Кабинет тел. 57-04-25

Жаңалықтар