Донорларды қабылдау: күн сайын 8:30-дан 14:00-ге дейін
Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі
2013 жылғы 30 желтоқсаннан бастап ШЖҚ РМК «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында» ғылыми зерттеулерді басқару бөлімі жұмыс істейді. Ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің негізгі мақсаты трансфузиология, трансплантация және жасушалық технологиялар саласындағы зерттеулерді жүргізуге және алынған нәтижелерді клиникалық тәжірибеге енгізуге көмек көрсету.Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) ТҒӨО ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
2) Ғылыми зерттеулердің тақырыбын кеңейту және сапасын арттыру;
3) Ғылыми-зерттеу қызметі саласында басқа мекемелермен, ұйымдармен қауымдастықты және ынтымақтастықты дамыту.2022 жылы ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК 5 жыл мерзімге «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы» Куәлік алды.
2021 жылы ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ РМК Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясына «ҚР GCP стандарттарына, этикалық сараптама бойынша ДДҰ стандарттары мен басшылығына, тиісті
клиникалық практика (GCP) бойынша үйлестіру жөніндегі Халықаралық конференцияның (ICH) басшылық қағидаттарына сәйкестігі туралы» 3 жыл мерзімге Сертификат берілді.2024 жылы орталықтың ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімі 5 ғылыми зерттеу жүргізуге қатысты.
1 мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған жоба:
- «CAR-T химерлі антигендік рецепторларын қолдана отырып, гематологиялық ісіктерді емдеу технологиясын практикалық денсаулық сақтау саласына енгізу», консорциум құрамындағы 2024-2026жж. БМҚ, «ҰБО» ЖШС-
дың бас ұйымы;4 бастамашыл жоба:
- «Тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған аллогенді плазманы әртүрлі генездің ұзақ уақыт емделмейтін жараларында қолдану тиімділігін бағалау» – 2023-2026жж.
- «Қант диабетімен ауыратын пациентердің ұзақ уақыт емделмейтін жаралары кезінде тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған плазманың (ТЕФБП) тиімділігін бағалау» – 2024-2025жж.
- «Эндометрия мен фолликуланың өсуіне тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған плазманың әсерін бағалау» – 2024-2026жж.
- «Сүйек кемігінен және кіндікбаудан мезенхималдық дің жасушаларын бөліп алу және өсіру» – 2024-2027жж.
Орталық қызметкерлері 2024 жылы 3 әдістемелік ұсыныс шығарды:
- Трансфузиялық-трансмиссиялық инфекцияларға зертханалық тестілеу нәтижелері бойынша донацияларды жою және донорларды шығару талдауларын түсіндіру алгоритмі;
- HLA жүйесінің жаңа гендерінің молекулалық-генетикалық құрылымы;
- Ұнтақталған гранулоциттерді дайындау.
Авторлық құқық туралы 3 куәлік алынды:
- Қазақ популяциясы өкілдерінде анықталған жаңа HLA аллельдерінің сипаттамасы;
- Тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған плазманың эндометрияның өсуіне әсері;
- Трансфузиялық трансмиссиялық инфекцияларға донация скринингінің нәтижелері бойынша қан компоненттерін пайдалану тәсілдері және донорларды бөлу алгоритмдері.
Орталық қызметкерлері 2024 жылы 60 ғылыми мақалалар мен тезистер жариялады, оның ішінде 15 шетелдік индекстелетін журналдарда, 15 қызметкер халықаралық және отандық конференциялар мен форумдарда ауызша және
постерлік баяндамалар жасады.
2024 жылы Орталық қызметкерлері 4 инновациялық әдісті әзірлеп бағалаудан өтті:
- «Арнайы ем алатын онкогематологиялық аурулары бар пациенттер үшін қоян моноклоналды реагенттері анти-CD-38 эритроциттерін өңдеу әдістемесінің көмегімен гемокомпоненттерді жеке іріктеуді жүргізу»;
- «Жеке іріктеу кезінде реципиенттің сарысуын жылыту әдістемесі»;
- «Тромбоциттердің еритін факторларымен байытылған аллогенді плазманы дайындау»;
- «Кіндік сымының тіндерінен мезенхималық дің жасушаларын оқшаулау және өсіру».