Донорлар үшін


 1. КІМ ДОНОР БОЛА АЛАДЫ?

Жасы 18-ге толған, донорлыққа қарсы көрсетілімдері жоқ, салмағы 50 кг артық кез-келген дені сау адам донор бола алады.

ТЕКСЕРІП-ҚАРАУ

Қанды тапсыру алдында донор терапевттің қабылдауы мен алдын-ала медициналық зертетуді қатитын медициналық тексеруден өтеді. Қан тапсырудан бұрын өлшенген дене температурасы 37°С жоғары болмағаны жөн; жол берілетін систоликалық қан қысымы – 90-160 мм.сын.бағ., диастоликалық – 60-100 мм.сын.бағ.; тамыр соққысы – минутына 50-100 соққы болу керек.

Егер сізде төменде келтірілген тізімге кірмеген аурулар бар немесе қандай да бір дәрілерді қабылдайтын болсаңыз, бұл туралы дәрігерге хабарлаңыз, ол қан және оның компоненттерін тапсыру жайында шешім қабылдайды. Дәрігердің тексеріп-қарағаны мен донор мен дәрігердің әңгімесі – қан және оның компоненттерін тапсыру алдындағы міндетті шаралар болып табылады. Өзіңізді жайсыз сезінгеніңізді дәрігерден жасырмаңыз, сауалнама сұрақтарына шынайы жауап беріңіз, сонда ғана донорлық сіз және қан және оның компоненттерін қажет ететін пациенттер үшін қауіпсіз болады.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР

Қан және оның компоненттерін тапсырудың белгілі қарсы көрсетілімдері бар. Жуық арада ауырған түрлі аурулар, операциялар, әлемнің кейбір жерлеріне бару – осының барлығы донорлықтан уақытша немесе мүлдем шеттету үшін негіз бола алады.

АИТВ инфекциясы, мерез, вирустық гепатиттер, туберкулез, қан аурулары, онкологиялық аурулар және тағы басқалар сияқты күрделі аурулардың бар болғаны абсолюттік қарсы көрсетілім болып табылады.

Уақытша қарсы көрсетілімдердің себебіне қарай түрлі мерзімдері бар. Кең таралған тыйымдардың бірі: тіс жұлу (10 күн), татуировка, пирсинг салу немесе инемен емделу (1 жыл), ангина, тұмау, ЖРІА (сауығу сәтінен бастап 1 ай), етекікір (5 күн), түсік жасату (6 ай), жүктілік және бала емізу мерзімі (босанудан кейін 1 жыл, лактация аяқталғаннан кейін 3 ай), егулер.

Төменде келтірілген кестеде абсолюттік және уақытша қарсы көрсетілімдердің толық тізбесімен танысуға болады.

 

 

2. ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛУ ЖОЛДАРЫ

Егер Сіз донор болуға бел бусаңыз мына ақпаратпен танысып шығыңыз:

  1. Қабылдау сағат 08:30-да басталады.
  1. Донорлар ғимаратқа кірген кезде алдымен холл арқылы өтеді, мұнда оларды донор залының әкімшісі қарсы алады, донор сауалнамасын береді және қажет болған жағдайда оны толтыруға көмектеседі. Сауалнаманың дұрыс толтырғанын тексеріп, тіркеу орнына жолдайды.
  1. Тіркеу орнында донорларды қабылдайтын 4 терезе бар.
  1. Жасы 18-ге толған кез-келген дені сау адам донор бола алады.
  1. Өзімен бірге донордың жеке басын куәландыратын куәлік немесе әскери қызметкерлер үшін әскери билет болу керек.
  1. Тіркеу орнында донор Донорлардың бірыңғай деректер базасы арқылы тексеріледі, мұнда барлық донациялар, зертханалық зерттеудің нәтижелері, донорлықтан шеттету, сондай-ақ тіркелген инфекциялық аурулар туралы ақпарат енгізіледі. Донор Орталыққа келген сайын белгілі үлгідегі сауалнаманы толтырады.
  1. Тіреуден кейін донорлар алдын-ала зертханалық зерттеу үшін екінші қабатқа жолданады. Бір рет пайдаланылатын скарификатор арқылы саусақтан бірнеше тамшы қан алынады. Бұл қанға бастапқы клиникалық-биохимиялық талдау жүргізуге мүмкіндік береді (қан тобы мен резус фактор, гемоглобин. АЛТ және Ке11 антиген).
  1. Бұдан кейін осы қабатта сізді трансфузиолог (терапевт) тексеріп-қарау үшін шақырады. Дәрігер дене қызуын, тамыр соғуын, артериялық қан қысымын өлшейді, құпия түрде әңгімелеседі және донорлардың сұрақтарына жауап береді, қанды және оның компоненттерін тапсырудың тәртібі туралы айтады. Дәрігер зертханалық және медициналық зерттеудің нәтижесінде донорды донациялауға жіберу мен оның түрі туралы шешім қабылдайды.
  1. Қан тапсыруға жіберілген донорлар шайханаға барады, онда оларға тәтті шай мен печенье ұсынылады. Бұдан кейін 3 қабаттағы демалыс бөлмесіне көтерілу керек. Онда ыңғайлы креслолар, теледидар, кулер бар.
  1. Демалыс бөлмесінде донациялау залдарының біреуіне шақырылатын донордың Т.А.Ә. аты көрсетілетін монитор бар.
  1. Донор залының  жанында донорлық карточкаларды мәліметтерді компьютерге енгізу үшін қабылдайтын тіркеуші отырады.
  1. Қан тапсырғаннан кейін донорлар бірінші қабатқа түседі және тіркеу орнынан қанды және оның компоненттерін тапсырғаны туралы анықтама алады.

 

 

3. ДОНОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

Мынаны білу қажет:

Қан және плазма донорларының назарына!  Қан тапсыру мен плазмаферезден кейін плазма 4 айға сақтау үшін (карантинге) 4 ай мерзіміне салынатынын ескертеміз.  Аталған уақыт плазманы құюдың толық қауіпсіздігін растау мақсатында сақталып, донор қайта кан-талдау рәсімі үшін шақырылады. Плазманы емдік мекемелерге донордың қайта тексергеннен кейін ғана жүргізіледі. Егер Сіз қандай да бір себептермен қан донациясы немесе плазмаферез шарасына келе алмайтын болсаңыз, қан талдауын тапсыру үшін басқа күні келуіңіз керек. Осылайша, перзентханалар мен балалар мекемелері үшін аса қажетті болатын карантинделген плазма медицина ұймдарына дер кезінде беріледі.

Егерде донор қайта кан-талдау үшін келмеген жағдайда қан-компонентері жойылады.

Тромбоциттер донорларының назарына! Тромбоциттер сияқты донорлық жасушалардың жарамдылық мерзімі 5-7 күн болғандықтан, Орталық тромбоцитоферез шарасына ТҰРАҚТЫ донорларды ғана қабылдайды

Тұрақты донорлар қауіпсіз контингент болып табылады, денсаулықтары жіті қадағалауда болғандықтан, олардың арасында инфекциялардың таралу қауіпі өте төмен болады.

Донорды қан тапсыру шарасына жіберу, донацияның түрі мен көлемі туралы қорытынды шешімді қан орталығының трансфузиолог дәрігері қабылдайтынын ескертеміз.

Мына телефондар бойынша қабылдауға жазылуға және барлық сұрақтарға жауап алуға болады:
8 (7172) 57-04-34 (тіркеу орны)
8 (7172) 57-04-14 (тіркеу орны)
8 (7172) 57-04-28 (тіркеу орны)
8 (7172) 54-32-38 —сенім телефоны
8 (7172) 54-33–00 (192 ішкі) — қоғаммен байланыс бөлімі