Донорларды қабылдау: күн сайын 8:00-дан 17:00-ге дейін
«Өндірістен пациентке дейінгі трансфузиологиядағы биотехнологиялар»
халықаралық қатысуымен өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып қайтты 🧬🌍
Орталық атынан келесі баяндамалар ұсынылды:
🔹 Татьяна Николаевна Савчук — ТҒӨО Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары.
Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы қан қызметін ұйымдастырудың кешенді тәсілдері» 🩸🏥
🔹 Айгерім Қабдывахитовна Сағымбаева — ТҒӨО донорлық кадрларды жасақтау бөлімінің меңгерушісі.
Баяндама тақырыбы: «Қазақстан Республикасында өтеусіз донорлық мәдениетін қалыптастыру: негізгі даму бағыттары» ❤️✨
Конференцияға қатысу орталығымыздың трансфузиология саласын дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және елімізде донорлық мәдениетін нығайтуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді 🩸🇰🇿